Хабарландыру

«Жас тілшілер» республикалық үздік студенттік ғылыми және шығарашылық жұмыстар байқауы

07.03.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы дәстүрлі VІІ Қожакеев оқулары аясында «Жас тілшілер» атты ғылыми зерттеу және шығармашылық жұмыстарға студенттер арасында байқау жариялайды.

Ары қарай оқу >>

Совет Масғұтов және қазақ телевизиясы

01.03.2019

«Қазақстан» РТРК АҚ қолдауымен қазақ телевизиясының дамуына өлшеусіз үлес қосқан кәсіби тележурналист, тұңғыш тікелей телеаудармашы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, СССР жазушылар одағының мүшесі Совет Масғұтовтың туғанына 80 жыл толуына орай «Совет Масғұтов және қазақ телевизиясы: классикалық дәстүрден цифрлық дәуірге дейін» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

АҚПАР-ХАТ

01.03.2019

2019 жыл 6 наурыз сағат 11:00-де журналистика факультеті №230 Т.Қожакеев атындағы акт залында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң 85-жылдығына орай дәстүрлі Барманқұлов оқулары аясында «Қазақстандағы қоғамдық сананы жаңғыртудағы телевизия және радио журналистика» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>