«Жас тілшілер» республикалық үздік студенттік ғылыми және шығарашылық жұмыстар байқауы

07.03.2019

Көрулер: 3409

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы дәстүрлі VІІ Қожакеев оқулары аясында «Жас тілшілер» атты ғылыми зерттеу және шығармашылық жұмыстарға студенттер арасында байқау жариялайды.

Байқауды ұйымдастыру мақсаты - студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми ізденісін арттыруға, шығармашылық ойларын жүзеге асыруға ықпал ету.

Байқау міндеттері - алдағы уақытта Қожакеев оқуларын өткізуді дәстүрге айналдыру, ғалым-профессордың өмірін, ғылыми қызметін, қайраткерлігін, ұстаздық тұлғасын академиялық ортада, көпшілік қауымға кеңінен насихаттау.

Ең үздік студенттік ғылыми жұмысқа, публицистік шығармашылыққа, ғылыми-зерттеу жобаларына байқау жарияланады.

Байқау мынадай номинациялар бойынша өтеді:

- Ең үздік ғылыми жоба;

- Ең үздік публицистика;

- Ең үздік сатиралық туынды;

- Т. Қожакеев өмірі мен шығармашылығына арналған ең үздік мультимедиалық жоба.

Байқау материалдары 2019 жылдың 1 сәуіріне дейін қабылданады. Байқау нәтижелері 2019 жылдың 3 сәуірде шығарылады.

Байқау жеңімпаздарына қазақ журналистикасы дамуына үлес қосқан көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеұлы Қожакеев атындағы арнайы стипендия тағайындалады, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Қосымша ақпарат: Темірбек Қожакеұлы Қожакеев 17 желтоқсан 1926 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданы Ойтал ауылында дүниеге келген.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Қожакеев Қазақстан Жоғары мектебі ҒА-ның академиясы, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері.

Қожакеев қазақ сатирасының тарихы мен ерекшеліктерін зерттеп, негізін қалаған ғалым. Ол – қазақ әдебиеті мен баспасөзінің тарихы, теориясы жөніндегі 200-ден астам мақала мен көркем-публицистикалық очерк, фельетондардың авторы. Қожакеев өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар Одағы жанындағы қазақ сықақшылары қауымдастығының президенті болған. «Мерейлі Меркі», «Керімсал кент» (Е.Сауранбаевпен бірге) кітаптарын, сондай-ақ журналист болсам деп армандаған жас өрендерге арнап «Жас тілшілер серігін» жазған ғалым-ұстаз.

АҚПАРАТ ҮШІН:

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы, с.ғ.д., проф. Гүлмира Серікбайқызы Сұлтанбаева тел.: комм. 8(727) 337733-1492; моб: +77011527488 эл-пошта: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz, sultanbaeva_g@mail.ru

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Ардақ Белғараева

Тел.: 8 (727) 337733-1351, 8 7018887276, Е-mаil: ardak2776@gmail.com