Совет Масғұтов және қазақ телевизиясы

01.03.2019

Көрулер: 3918

Күні, уақыты: 2019 жылы 15 наурыз сағат 14:00

Орны: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті № 230 Т. Қожакеев атындағы акт залы

«Қазақстан» РТРК АҚ қолдауымен қазақ телевизиясының дамуына өлшеусіз үлес қосқан кәсіби тележурналист, тұңғыш тікелей телеаудармашы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, СССР жазушылар одағының мүшесі Совет Масғұтовтың туғанына 80 жыл толуына орай «Совет Масғұтов және қазақ телевизиясы: классикалық дәстүрден цифрлық дәуірге дейін» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференцияға Қазақстан Республикасының атақты теле, радио журналистері, бұқаралық коммуникация саласын зерттеуші ғалымдар, қазақстандық электронды БАҚ өкілдері, журналистика факультетінің студенттері мен магистранттары, докторанттары қатысады.

Ақпарат: 1960 жылы 21 жастағы студент Совет Масғұтов қазақ телевизиясының жаңалықтар бөліміне тілші қызметіне қабылданған болатын. 18 жылдың ішінде парасат-пайымы мен адал еңбегінің арқасында қатардағы комментатордан бастап, диктор, редактор, аға редактор, бас редактор қызметіне дейін көтерілді. С. Масғұтов кез-келген салаға қалам тартатын, түрлі тақырыпты жан-жақты аша білетін тележурналист ретінде таныла білді. 1965 ж. Таллинде С. Масғұтов «СССР-дің үздік телекомментаторы» деп танылып, Мәскеудегі Орталық телевидениеге қызметке шақырылған тұңғыш қазақ. Ол бесінші рет өткен Азия-Африка елдерінің Орталық Азия мен Қазақстандағы күндерінің телепресс клубына жетекшілік етті. Қазақтың майталман жазушысы М.Әуезовтің кепілдемесімен СССР Жазушылар одағының аудармашылар қатарында мүшелікке қабылданып, Юсуф Ас Сибаи, И.А. Бунин, М.М. Зощенко, Я.Л. Ивашкевич т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударды. Қазақ телевизиясының ғылыми негізін қалаған тұңғыш ғалым. С.Масғұтов бүгінге дейін журналистика факультеті студенттері іздеп оқитын «Тележурналистикаға кіріспе» кітабының авторы.

Байланыс: Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, профессор Гүлмира Серікбақызы Сұлтанбаева

Тел.: +77272211492, 87073777049,

Е-mаil: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz;

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Ардақ Белғараева

Тел.: 8 (727) 221-13-51, 8 701 888 72 76, Е-mаil: ardak2776@gmail.com