Журналистерге арналған бизнес коммуникация

04.03.2020

Көрулер: 2425

2020 жылы 5 наурыз күні сағат 15.00-те № 3 акт залда iStory.kz мультимедиялық порталының басшысы Каким Данабаев он-лайн режимде шеберлік сағатын өткізеді.
Каким Данабаев 2008-2014 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті бакалавр және магистирлік бағдарламаларының түлегі. 2016-2020 жылдары Оңтүстік Кореяның Ханян университетінде білімін жалғастырып, PhD бағдарламасы бойынша зерттеулер жүргізуде.

Қазақстан баспасөз-клубының үйлестірушісі, «Business and Power Finance» журналисі, Promo Group Communication PR менеджері қызметтерін атқарды. Қазір KMK Co. Ltd, Kazamedikor компанияларының құрылтайшысы. Бүгінде негізгі қызметімен қатар IStory мультимедиялық агенттігінде (www.istory.kz) жұмыс істейді. Клиенттермен және серіктестермен тұрақты кездесулерді ұйымдастырады. Сондай-ақ корей тілі курсын (www.akkorean.com) ұйымдастырды. Ағылшын тілді аудиторияға арналған онлайн корей тілі курсын жазды, өңдеді және жариялады. Udemy (онлайн-курстар орталығы, АҚШ) командасы мақұлдаған екі кітап (Beginner және Intermediate) авторы.