Жаңалықтар

Ашық есік күні

21.02.2023

Құрметті оқушылар!

   Сіздерді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультеті 24 ақпанда өтетін «Ашық есік күніне» шақырады!

   Іс-шарада факультет тарихымен, даярлау мамандықтарымен, кафедралармен, ғылыми-зерттеу лабораторияларымен, университет мұражайымен және кітапханасымен таныса аласыздар!

24.02.2023

15:00

Ө.А. Жолдасбеков атындағы механика-математика факультетінің «Қызыл залы»

Ары қарай оқу >>

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА МЕКТЕБІНДЕ "FIZMAT EDUCATION FAIR - 2023" III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КӨРМЕСІ ӨТТІ

06.02.2023

2023 жылдың 4 ақпанында Республикалық физика-математика мектебінде "FIZMAT Education Fair - 2023" III халықаралық білім беру көрмесі өтті. Білім беру көрмесі математика, физика және информатика бойынша XIX Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында өткізіліп, оған 21 елден 1500 қатысушы қатысты.

Ары қарай оқу >>

Берденова Б.А. «2022 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпазы атанды

26.01.2023

«2022 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Республикалық конкурстық комиссия  өз мамандығы бойынша үздіктердің ішінен үздіктерді таңдады. Қазақстандық 43 ЖОО-ның 150 оқытушысының бірі болып механика-математика факультетінің, механика кафедрасының оқытушысы доцент м.а., PhD Берденова Б.А. жеңімпаз атанды.

Ары қарай оқу >>

Механика кафедрасының 4-курс студенттері AGH UST универстетінің ұйымдастыруымен өткен 2-ші SPINAKER халықаралық білім беру бағдарламасына қатысты

20.01.2023

Механика кафедрасының механика мамандығының 4-курс студенттері Абдидин Алина, Момыш Назерке, Елдосқызы Құралай 2022 жылдың желтоқсан айының 8 мен 18-і аралығында Краков қаласында өткен AGH UST универстетінің ұйымдастыруымен өткен 2-ші SPINAKER халықаралық білім беру бағдарламасына қатысты. Бұл іс-шараға 10 ЖОО-нан 40 студент қатысты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ дәстүрлі 49-шы «Здоровье» спартакиадасында «механика – математика» командасы воллейбол жарысынан жеңімпаз атанды

16.01.2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің дәстүрлі 49-шы «Здоровье» спартакиадасында қаңтар айының 4-12 күндері аралығында университеттің ұстаздары мен қызметкерлері арасында воллейболдан жарыс өтті. Аталмыш шарада Механика-математика факультеті ерлер арасындағы ойында II орынды, әйелдер арасында III орынды иеленді. Жеңімпаздарды әл-Фраби атындағы ҚазҰУ-нің «Парасат» кәсіподақ төрағасы Т.К.Мекебаев мақтау қағаздармен және жүлделі сыйлықтармен марапаттады.

Ары қарай оқу >>

ҚАЗҰУ МАГИСТРАНТТАРЫ РОБОТОТЕХНИКА ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР TECHCUP - 2022 ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ III ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ

23.12.2022

21-22 желтоқсанда Алматы қаласы әкімінің кубогына Techcup-2022 робототехника және инновациялық технологиялар бойынша VII ашық чемпионат өтті.

Ары қарай оқу >>

Зарина Туртаева философия докторы (PhD) атанды

23.12.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті механика-математика факультеті механика кафедрасының түлегі Зарина Туртаева "Genesis of AEMFC (anion exchange membrane fuel cell) at the lab scale: from PEMFC’s inks composition toward fuel cell bench tests in alkaline media" тақырыбындағы докторлық диссертациясын сәтті қорғады.

Ары қарай оқу >>

Тұрақты дамудың 17 мақсаты. Жаңартылған энергия көздерін пайдалану.

23.11.2022

«Тұрақты дамудың 17 мақсаты. Жаңартылған энергия көздерін пайдалану» – тақырыбында «7M05404 – Механика» мамандығының магистранттары : Жақсымбет Арайлым, Камаш Медет және Жургинбай Дәулет ашық сабақ өткізді.

Ары қарай оқу >>

Білім министрі Асхат Аймағамбетов робототехника бойынша ҚР құрамасының педагог-жаттықтырушыларымен кездесті

12.11.2022

Асхат Аймағамбетов робототехника бойынша ҚР құрамасының педагог-жаттықтырушылары Асылбек Мырзахметов және Нұрдәулет Досмағамбетпен кездесті. Министр әріптестерін Швейцарияда өткен FIRST GLOBAL CHALLENGE – 2022 робототехника бойынша Дүниежүзілік чемпионаттағы оқушылардың жеңісімен құттықтады. Бұл робототехника чемпионаты әлемдегі ең беделді чемпионаттардың бірі болып табылады. Жеңіс Оқушыларға әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік береді. Олар әлемнің 167 елінің құрдастарымен бәсекелесіп, ең көп ұпай жинады. Оқушылар үш күн бойы 16 ойын жарысын өткізді, ешқайсы жарыстан жеңілмеді және ұпай саны бойынша рекорд орнатты. Чемпионаттағы бірінші орыннан басқа, Қазақстан құрамасы басқа елдердің командаларына көрсеткен "тамаша қолдауы үшін" Al-Khwarizmi алтын медалін, сондай-ақ робот жасаудағы үздік инженерлік шешімдері үшін JUDGES AWARD арнайы сыйлығын жеңіп алды.

Ары қарай оқу >>

МЕХАНИКА ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ МЕХАНИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ 2 КУРС МАГИСТРАНТТАРЫ ҚОС ДИПЛОМДЫҚ БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ФРАНЦУЗ УНИВЕРСИТЕТТЕРІНДЕ ОҚУЫН ЖАЛҒАСТЫРУ ҮШІН АБАЙ-ВЕРН СТИПЕНДИЯСЫН ЖЕҢІП АЛДЫ.

09.11.2022

2022-2023 академиялық жылы үшін бөлінген "Абай-Верн" стипендиясы иегерлері ішінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің "Механика-Математика" факультетінің "Механика" кафедрасының «7М05405-Механика және энергетика (UL, Франция)» білім беру бағдарламасының (мамандығының) 2-курс магистранттары Баймағанбетова Шолпан, Өміралиева Нұржауған, Качкинова Азиза, Көдебай Ілияс, Мұхамбетов Қазбек, Жакупов Азимжан, Салкынбеков Дамир және «8D05403-Механика» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Керимбекова Диана да бар.

Ары қарай оқу >>