Жаңалықтар

Туралина Динара Елеусизовна «Ерен еңбегі үшін » төсбелгісімен марапатталды

09.03.2023

Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ, механика – математика факультеті , механика кафедрасының аға оқытушы, кафедра меңгерушісінің оқу – әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Туралина Динара Елеусизовна « Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

Алғыс айту күні

01.03.2023

Елімізде 1 наурыз – «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде.

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Ары қарай оқу >>

АКАДЕМИК ӨМІРБЕК ЖОЛДАСБЕКОВ РУХЫНА ТАҒЗЫМ

01.03.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде халқымыздың көрнекті тұлғасы, мемлекет және қоғам қайраткері, академик Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтің ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті. Дәстүрлі түрде 1 наурыз күні өтетін шараға Өмірбек Жолдасбековтің ұрпақтары мен замандастары, білім ордасының оқытушы-профессорлары және студенттері қатысты.

Ары қарай оқу >>

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

27.02.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультеті 24 ақпанда «Ашық есік күнін» өткізді.

Ары қарай оқу >>

ҚҰМАР ОЙЫНДАРЫНДАҒЫ МАТЕМАТИКА

23.02.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті механика-математика факультеті механика кафедрасының ұйымдастыруымен 22 ақпан күні Ө.Жолдасбеков атындағы қызыл залда   «Құмар ойындардағы математика» тақырыбындағы спикер Алмас Есбалановтың қатысуымен шеберлік сағаты болып өтті. 

Ары қарай оқу >>

Ашық есік күні

21.02.2023

Құрметті оқушылар!

   Сіздерді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультеті 24 ақпанда өтетін «Ашық есік күніне» шақырады!

   Іс-шарада факультет тарихымен, даярлау мамандықтарымен, кафедралармен, ғылыми-зерттеу лабораторияларымен, университет мұражайымен және кітапханасымен таныса аласыздар!

24.02.2023

15:00

Ө.А. Жолдасбеков атындағы механика-математика факультетінің «Қызыл залы»

Ары қарай оқу >>

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА МЕКТЕБІНДЕ "FIZMAT EDUCATION FAIR - 2023" III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КӨРМЕСІ ӨТТІ

06.02.2023

2023 жылдың 4 ақпанында Республикалық физика-математика мектебінде "FIZMAT Education Fair - 2023" III халықаралық білім беру көрмесі өтті. Білім беру көрмесі математика, физика және информатика бойынша XIX Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында өткізіліп, оған 21 елден 1500 қатысушы қатысты.

Ары қарай оқу >>

Берденова Б.А. «2022 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпазы атанды

26.01.2023

«2022 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Республикалық конкурстық комиссия  өз мамандығы бойынша үздіктердің ішінен үздіктерді таңдады. Қазақстандық 43 ЖОО-ның 150 оқытушысының бірі болып механика-математика факультетінің, механика кафедрасының оқытушысы доцент м.а., PhD Берденова Б.А. жеңімпаз атанды.

Ары қарай оқу >>

Механика кафедрасының 4-курс студенттері AGH UST универстетінің ұйымдастыруымен өткен 2-ші SPINAKER халықаралық білім беру бағдарламасына қатысты

20.01.2023

Механика кафедрасының механика мамандығының 4-курс студенттері Абдидин Алина, Момыш Назерке, Елдосқызы Құралай 2022 жылдың желтоқсан айының 8 мен 18-і аралығында Краков қаласында өткен AGH UST универстетінің ұйымдастыруымен өткен 2-ші SPINAKER халықаралық білім беру бағдарламасына қатысты. Бұл іс-шараға 10 ЖОО-нан 40 студент қатысты.

Ары қарай оқу >>