РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА МЕКТЕБІНДЕ "FIZMAT EDUCATION FAIR - 2023" III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КӨРМЕСІ ӨТТІ

06.02.2023

Көрулер: 514

 

 

2023 жылдың 4 ақпанында Республикалық физика-математика мектебінде "FIZMAT Education Fair - 2023" III халықаралық білім беру көрмесі өтті. Білім беру көрмесі математика, физика және информатика бойынша XIX Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында өткізіліп, оған 21 елден 1500 оқушы қатысты.

  Көрме бағдарламасына механика-математика факультетінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі деканның орынбасары Досжан Н.С. кәсіби бағдар беруші ретінде қатысып, оқушыларға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін таныстырды. Көрмеге қатысқан мектеп оқушылары механика-математика факультеті мен білім беру бағдарламалары жайлы толық ақпарат алды.