Механика кафедрасының 4-курс студенттері AGH UST универстетінің ұйымдастыруымен өткен 2-ші SPINAKER халықаралық білім беру бағдарламасына қатысты

20.01.2023

Көрулер: 535

Механика кафедрасының механика мамандығының 4-курс студенттері Абдидин Алина, Момыш Назерке, Елдосқызы Құралай 2022 жылдың желтоқсан айының 8 мен 18-і аралығында Краков қаласында өткен AGH UST универстетінің ұйымдастыруымен өткен 2-ші SPINAKER халықаралық білім беру бағдарламасына қатысты. Бұл іс-шараға 10 ЖОО-нан 40 студент қатысты.

 

 

Курс заманауи, дәстүрлі емес форматта өтілді. Дәрістерде өндірістік процестердің жіктелуі, материалды жоюдың егжей-тегжейлі механизмдері мен әдістері, материалды жою үшін қолданылатын энергия көздерінің түрлері, жұмыс принциптері, конфигурациясы, жабдықтары және таңдалған негізгі процестердің салыстырмалы артықшылықтары мен кемшіліктерін талдалынды.Нәтижесінде, қазіргі заманғы процестер туралы және оларды нақты өнеркәсіптік қосымшаларда қолдану туралы нақты түсінік берді. Дәрістерді проф. Саркен Қапаева (Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті Д.Серікбаева,Қазақстан) және проф. Яцек Сешлик (AGH UST) ұсынды. Оқу барысында Польшамен мемлекетімен ,поляк мәдениетімен, географиясымен, тарихымен танысты және Закопанға тур жасалынды. Студенттерге 5000 PLN көлемінде стипендиясы берілді (стипендия: шамамен 1000 еуро). Стипендия әуе билетін сатып алу, тұру, тамақтану және сақтандыру шығындарына пайдаланылды.