Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 1-курс магистранттары Түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік Конгресіне (TWMS Congress-2023) қатысты
27.09.20232023 жылы 20-23 қыркүйек аралығында Түркістан қаласында Түркі әлемінің математикалық қоғамы (Turkic World Mathematical Society, TWMS) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Түркістан облысы әкімдігінің және Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің (ХҚТУ) қолдауымен өткізілген Түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік Конгресіне (TWMS Congress-2023) Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің механика кафедрасының 1-курс магистранттары Абдидин Алина, Елдосқызы Құралай, Момыш Назерке, Бодау Бекет қатысып, баяндамалар жасады.






