Жаңалықтар

АКАДЕМИК ӨМІРБЕК ЖОЛДАСБЕКОВ РУХЫНА ТАҒЗЫМ!

01.03.2024

Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бұрынғы ректоры, академик Өмірбек Жолдасбековтің туғанына – 93 жыл. 

Осы күнге орай, оқу ордасының оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері,  Өмірбек Арысланұлының ұрпақтары, шәкірттері мен замандас-достары академиктің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Ары қарай оқу >>

Орнықты даму мақсаттары. “Идеядан бизнеске”!

23.02.2024

Педагогикалық практика аясында “Механика” кафедрасының 1 курс доктаранттары Студенттік кәсіпкерліктің халықаралық қауымдастығының бизнес өкілдерін шақырта отырып, Орнықты даму үшін білім беруді жүзеге асыру мақсатында “Идеядан бизнеске” атты семинар ұйымдастырды. Семинарда бизнес өкілдері Абдыкалыков Нұрым және Болтаев Дидар, механика-математика факультетінің 1 курс студенттеріне қазіргі бизнестің түрлері мен оны ашу мәселелері туралы түсінік берді.

Ары қарай оқу >>

МЕХАНИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ Ф-М.Ғ.Д НУЖНОВ ЮРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ «EREN ENBEGI USHIN» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

24.01.2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректорының 2024 жылдың 24-қаңтар айындағы27 бұйрығына сәйкес ф.-м.ғ.д., профессор Нужнов Юрий Васильевич 75 жылдық мерейтойына орай Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «EREN ENBEGI USHIN» медалімен марапатталды.

 

Ары қарай оқу >>

Erasmus+ «619011-EPP-1-2020-1-KZ-EPPKA2-CBHE-JP Климаттың өзгеруіне жағалаудағы экожүйелерді бейімдеу үшін геокеңістіктік инженерия бойынша жаңа курстар» (GEOCLIC) жобасы шеңберінде серіктес елдер үшін онлайн - мастер-класс және GEOCLIC жобасын іске асыруды талқылау бойынша жоба консорциум

14.01.2024

Бұл мастер-класстың мақсаты ТМД елдерінің оқытушыларын еуропалық әріптестер әзірлеген жаңа курстарға оқыту, оларды оқу процесіне одан әрі енгізу болып табылады.

Осы іс-шара аясында жоба әріптестеріне ҚазҰУ ЖҚЗ орталығының жұмысы көрсетілді. Сондай-ақ, кейбір серіктестер ҚазҰУ-мен университеттер арасында меморандумға қол қойды.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика- математика факультеті механика кафедрасының аға оқытушысы, PhD Алибаева Қ.А. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2023» байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды.

28.12.2023

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған республикалық конкурс оқытушы-ғалымдардың беделін арттыру және оларды ғылымға ынталандыруға бағытталған.

Ары қарай оқу >>

Профессор Моханраджға «Different Applications of Compression Heat Pumps» тақырыбында лекциялық курсты сәтті оқығаны үшін сертификат берілді.

27.12.2023

2023 жылғы 4 желтоқсан мен 26 желтоқсан аралығында Үндістанның Индустрия инженерлік-технологиялық колледжінің Инженерлік механика кафедрасының профессоры, д-р. Моханрадж Муругесан Механика кафедрасының профессор қызметін атқарушы Беляев Е.К. шақыруымен «Different Applications of Compression Heat Pumps» тақырыбында дәріс оқыды.

Ары қарай оқу >>

Ержан Беляев - «Үздік ғылыми қызметкер – 2023» байқауының жеңімпазы!

21.12.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультеті механика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Беляев Е.К. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жариялаған  дәстүрлі «Үздік ғылыми қызметкер – 2023» байқауының жеңімпазы атанды.

 

Ары қарай оқу >>

Орнықты даму мақсаттары. Біз темекіге қарсымыз!

30.11.2023

Механика-математика факультетінде педагогикалық практика барысында 1-курс докторанттары А.Абекова, Ж.Айтуганова, Б.Меркибаевалардың ұйымдастырыуымен Орнықты даму мақсаттары (ЦУР) аясында   "Біз темекіге қарсымыз" атты тәрбие сағаты өтті.

Ары қарай оқу >>

МЕХАНИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ МАГИСТРАНТТАРЫ - "АБАЙ-ВЕРН" СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ!

30.10.2023

Абай-Верн стипендиялық бағдарламасы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Франция Республикасының Еуропа және Сыртқы істер министрлігінің бірлескен бағдарламасы болып табылады. Француз-қазақ аралас Комиссиясы отырысының қорытындысына сай магистратура аясында Францияда оқуға 30 үміткер мақұлданған. Сол жеңімпаздардың 7-і Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Механика-математика факультеті "Механика" кафедрасының магистранттары екенін қуана жеткіземіз. 

Ары қарай оқу >>

Механика кафедрасының PhD докторанты Досмағамбет Нұрдәулеттің жетекшілігімен Қазақстан құрама командасы Сингапурдағы робототехника бойынша жарыстарда чемпион атанды

23.10.2023

7-10 қазан аралығында Сингапурда робототехника бойынша халықаралық жарыстар өтті, оған 191 елдің өкілдері қатысты. Бас жеңімпаз механика кафедрасының PhD докторанты, robomech ғылыми-білім беру орталығының белсенді мүшесі және USTEM FOUNDATION (Қазақстан және Орталық Азияда инженерия дамыту Қоғамдық қорының) негізін қалаушылардың бірі Досмағамбет Нұрдәулет Қайратұлы басқаратын Қазақстан құрама командасы болды.

Ары қарай оқу >>