Жаңалықтар

Кешенді планеталық жүйелер II – Кавли-IAU симпозиумы

16.07.2023

2014 жылы "Күрделі планетарлық жүйелер" кітабының сәттілігінен кейін CPSII осы бағытта алынған соңғы нәтижелерді ұсынуға және болашақта әртүрлі пәндер арасында жаңа ынтымақтастық құруға тырысады. CPSII симпозиумы Намур университетінде (Бельгия) "Күрделі планетарлық жүйелер" тақырыбына арналды. Бұл кездесуде әр ғалым планетарлық жүйелер тақырыбына қатысты күрделі мәселелерді шешудің өзіндік тәжірибесін ұсынды.

Бұл симпозиумда «Investigation of the dynamic evolution of planetary systems with isotropically varying masses» атты постер ұсынылды, постердің авторлары: M. Zh. Minglibayev, A. N. Prokopenya, A. B. Kosherbayeva.

Ары қарай оқу >>

АР14869472 «Көп планеталы жүйелерде массалары айнымалы сфералық денелердің ғасырлық ұйытқуын зерттеу» жобасы бойынша іссапар, ғылыми жетекші Минглибаев М. Дж. 1. MSA-2023

10.06.2023

2010 жылдан бастап "Қазіргі жұлдызды астрономия" циклының жыл сайынғы конференциялары Ресейдің әртүрлі астрономиялық мекемелерінде ұйымдастырылады. Олар осы және онымен байланысты салаларда жұмыс істейтін астрономдардың кездесуі мен пікір алмасу алаңын ұсынады. Биыл конференцияны РҒА астрономия институты, Мәскеу мемлекеттік университеті, М.В. Ломоносов (ШАИ, физика факультеті), астрономиялық қоғамы ұйымдастырды. Конференция Волгоград қаласында, Волгоград мемлекеттік университетінде (ВолМУ) өтті.

Ары қарай оқу >>

Ғылым мен өндірісті ұштастыру бүгінгі таңдағы маңызды міндет

03.05.2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «Қазмұнайгаз инжиниринг» институтының арасында жасалған Меморандум негізінде Механика - математика факультеті механика кафедрасының 4 - курс студенттері Елдосқызы Құралай мен Курумбаева Наргиза Астана қаласындағы «Қазмұнайгаз инжиниринг» институтында өндірістік және дипломалды практикалардан өтті.

Ары қарай оқу >>

Бәсекеге қабілетті маман даярлау – маңызды міндеттер қатарында

03.05.2023

Бәсекеге қабілетті маман даярлау, ғылым мен өндірісті ұштастыру, отандық ғылымның прогрессивті шешімдерін өндірістік секторға енгізу Президент алға қойған маңызды міндеттер қатарында екені мәлім. Осы орайда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «Семізбай U» ЖШС арасында жасалған Келісім шарт негізінде Механика – математика факультеті механика кафедрасының 4 – курс студенттері Есберген Жандаулет пен Мейрамбекова Нұрай Ақмола облысындағы «Семізбай U» кенішінде өндірістік және дипломалды практикалардан өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ғалымы ТМД елдері арасында «Үздік ғылыми қызметкер» атанды

02.05.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультеті, Механика кафедрасының оқытушысы, робототехникалық жүйелер мамандығының 3 курс докторанты Берік Сағитжанов 21 ғылыми бағыт бойынша 16 шет мемлекеттер қатысқан халықаралық конференциядан I дәрежелі «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР - 2023» медалі және дипломымен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

Лотарингия университетінің профессоры Джулия Майнка дәріс оқыды

21.04.2023

2023 жылы 3 - 31 наурыз аралығында Францияның Нанси қаласында орналасқан Лотарингия университетінің қауымдастырылған профессоры Джулия Майнка әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика – математика факультеті механика кафедрасының «7М05405 - Механика және энергетика» білім беру бағдарламасының бірінші курс магистратура студенттеріне «Энергетикалық жүйелердің термодинамикасы» тақырыбы бойынша қашықтан сабақ жүргізді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері “Ғылым және білім-2023” халықаралық ғылыми конференциясының жүлдегерлері атанды

20.04.2023

2023 жылдың 12 сәуірінде Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті ғылым күні аясында ұйымдастырған “Ғылым және білім-2023” халықаралық ғылыми конференциясына ҚазҰУ студенттері қатысып жүлделі орын алды.

Ары қарай оқу >>

"International Satbayev Conference 2023" (Сәтбаев оқулары-2023) атты халықаралық конференциясының жеңімпаздары

17.04.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика-математика факультеті «Механика» кафедрасының 4 курс студенттері Абдидин А.Н. мен Момыш Н.Б. аталған конференцияның « Машина жасау және энергетика саласындағы инновациялық даму тенденциялары» бөліміне қатысып, 2-орын иеленді.

Ары қарай оқу >>