Хабарландыру!

22.10.2019

Көрулер: 1789

Сенбі күні, яғни 26.10.2019 ж. сағат 9.00-14.00 аралығында механика кафедрасының ұйымдастыруымен ҚазҰУ спорт кешенінде Механика кафедрасының 85-жылдығы қарсаңында «Шапшаң, биік, әрі күшті!» атты спорт жарысы өтеді. Жарыс спорттың келесі түрлері бойынша өтеді: волейбол, футбол, теннис, шахмат, нарда, тоғыз-құмалақ, арқан тартыс, асық ату. Спорттық жарысқа механика кафедрасының студенттері мен оқытушылары қатысады.

Механика кафедрасының студенттерін, түлектерін белсенділік танытуға шақырамыз!

 

Механика кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Туралина Д.Е.

22.10.2019