Біздің студенттер - бизнес идеялар конкурсының жеңімпаздары!

15.10.2019

Көрулер: 1912

Қазан айының 10-12 аралығында бүкіл әлемде #Erasmus Days 2019 хэштегімен әлемдік ауқымдағы іс-шараны қолдауға арналған «Erasmus Day» өтті.

Эразмус+ – білім беру, кәсіптік оқыту, жастар саясаты және спорт жүйесін жаңғырту мен тұрақты дамытуға бағытталған Еуропалық Одақтың бағдарламасы.

11.10.2019 ж. Алматы энергетика және байланыс  университетінің (АЭБУ) ұйымдастыруымен  өткен #Erasmus Day атты студенттер арасындағы бизнес идеялар конкурсына 14 команда қатысты. Осы байқауға әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика  факультеті механика кафедрасының FLYUP Group стартап компаниясының командасы да  «SMART TABLE» жобасымен қатысып, екінші орынға ие болды. Команда мүшелері механика кафедрасы роботехникалық жүйелер мамандығының 2  - курс студенті Сейдахмет Қазбек және ғарыштық техника және технологиялар мамандығының 1 - курс студенті Жұмағазы Әділдәулет Сертификаттар және арнайы сыйлықтармен  марапатталды.

Құттықтаймыз!

Сілтемелер

Инстаграм https://www.instagram.com/p/B4mmfwVlK-x/

ВК https://vk.com/public181736180?w=wall-181736180_18

Механика кафедрасы

Туралина Д.Е.