"Махаббат - өмір өзегі" атты ашық тәрбие сағаты

30.04.2019

Көрулер: 2476

Механика кафедрасының 1 курс  докторанттары Тукешова Г., Меркибаева Б. және Кайыров Р. педагогикалық практика аясында "Махаббат - өмір өзегі" тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді(11.04.2019) . Кураторлық сағатқа "Механика" мамандығының 2 курс студенттері, қатысты. Үш командаға бөлінген студенттер арасында сайыс өтті. Әр команда "Ата-анаға деген құрмет пен махаббат", "Досқа деген құрмет пен махаббат" және "Қыз бен жігіт махаббаты " деген тақырыптар бойынша көріністер көрсету арқылы тақырыпты ашуға тырысты. Барлығы бірге "Ханшайымым" әнін орындады. Сабақ соңында студенттер алғыс хаттармен марапатталды. Кураторлық сағатқа механика кафедрасының оқытушылары қатысты.

www.kaznu.kz

Механика кафедрасы меңгерушісінің орынбасары

Туралина Д.Е.