Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің командасы Қытайдың Сиань қаласында өткен Жібек жолы робототехникалық байқауына қатысты

21.09.2019

Көрулер: 2110

ҚазҰУ командасы 2019 жылы Қытайдың Сиань қаласында өткен Жібек жолының робототехникадағы инновациялары байқауына (SRRIC) қатысып, Дипломмен марапатталды.

Бұл байқауға ҚазҰУ командасы, профессор Ж.Байгунчековтың жетекшілігімен, «Robot Humanoid Ai-Gerim» жобасын ұсынды.

Механика кафедрасының оқытушылары (Б. Аманов пен Б. Сағитжанов) және студенттері (Азиль Заманбек пен Рахымжан Заңғар) құрастырған Гуманоид робот әлеуметтік робот болып табылады. Ол физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жұмысқа орналасуда көмектесетін бірқатар функцияларды орындайды . «Айгерім» роботының ерекшеліктері - дизайнның қарапайымдылығы, бағасының арзандығы және Wi-Fi байланысы арқылы мүмкіндіктері шектеулі оператор-адамдардың қашықтықтан басқара алуында.

Айта кету керек, 2019 жылғы 17 - 20 қыркүйек аралығында Қытайдың Сиань қаласында Жібек Жолы Университеттері Альянсының Оқиғалары өтті: Жібек Жолы Университеттері Альянсы Президенттерінің форумы 2019 (UASR 2019) және Жібек жолының робототехникадағы инновациялары байқакуы 2019 (SRRIC).

Жібек Жолы Университеттерінің Альянсы Президенттерінің Форумында (UASR 2019) біздің университетті «Сандық технологиялар және Робототехника» ҒБО директоры, механика кафедрасының профессоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Байгунчеков таныстырды.

Форум барысында өткен Жібек жолының робототехникадағы инновациялары байқауына (SRRIC) 8 елден 29 жоба қатысты, оның ішінде «Robot Humanoid Ai-Gerim» жобасы да бар.

.

 

Механика кафедрасы

Туралина Д.Е.