Жаңалықтар

«Физиологияның қазіргі заманғы мәселелері»

23.05.2019

2019 жылдың 23 мамырында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биофизика және биомедицина кафедрасында биология ғылымдарының кандидаты, доцент Асқарова Зифа Асанбайқызының 70 жылдық мерейтойына арналған «Физиологияның қазіргі заманғы мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.


Биофизика және биомедицина кафедрасы

 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-ға 85 жыл

23.05.2019

ҚР БҒМ ҒК Адам және жануарлар физиологиясы институты Бас директоры биология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі Е.К. Макашевтің құттықтауы

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ түлектерінің ІІ форумы

18.05.2019

Құрметті ҚазМУ/ҚазҰУ түлектері!

 

Сіздерді 2019 жылы 25 мамыр күні сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 85 және  түлектер Ассоциациясының 25 жылдығына арналған ІІ түлектер Форумына  шақырамыз.

Мекен жайы: Алматы қаласы, ҚазҰУ қалашығы, Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 85 және  түлектер Ассоциациясының 25 жылдығына арналған ІІ түлектер Форумының 

БАҒДАРЛАМАСЫ


10.00  «Мәңгілік Ел» Салтанат қақпасының жанында жиналуы

            Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының 1-ші қабатында қонақтарды тіркеу және адресаттық құттықтаулар мен сыйлықтарды қабылдау

10.30  Әл-Фараби ескерткіші мен Ө.А. Жолдасбеков монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі

11.00  ІІ түлектер Форумының салтанатты ашылуы 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғ.М. Мұтановтың құттықтау сөзі

Құттықтаулар

ҚазҰУ түлектер Ассоциациясының Президенті ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы, заң ғылымының докторы, профессор Қ.А. Мәмидің құттықтау сөзі

12.00  Университет  көркемөнерпаздар ұжымының  Гала-концерті

13.00   Факультеттердегі II түлектер Форумының  бағдарламасы

19.00: «Мәңгілік Ел» ҚазҰУ қалашығының орталық алаңындағы 2019 жылғы Түлектер балы

 

Қайрат Б.Қ.

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

"Үздік киіз үй - 2019"

15.04.2019

15 сәуір 2019 ж. Ректорат мәжілісінде «Парасат» университет қызметкерлерінің кәсіподағының ұйымдастыруымен өтетін дәстүрлі «Үздік киіз үй – 2019» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Биология және биотехнология факультеті Наурыз мерекесін тойлау кезінде өткізілетін «Үздік киіз үй - 2019» дәстүрлі байқауында тігілген киіз үйлер арасынан топ жарып жүлделі ІІІ орынға ие болды. Биыл Наурыз мейрамын өткізуге факультет атынан биофизика және биомедицина кафедрасының ұжымы жауапты болғанын еске саламыз. Жеңімпаздар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ыстықкөлдегі спорттық-сауықтыру лагеріне үш жолдама алды. Жүлделі орындарды тағайындау барысында байқау комиссиясы киіз үйдің сыртқы келбеті, ішкі көрінісі, ұлттық нақыш, жайылған дастархан, үй иелерінің қонақжайлығы және т.с.с. көрсеткіштерді басты назарда ұстайды.


© Қайрат Б.Қ. 

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы

 

www.kaznu.kz 

Ары қарай оқу >>

«Қош келдің, әз Наурыз»

13.04.2019

2019 жылдың 13 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Қош келдің, әз Наурыз» мерекесі аталып өтті.

Іс-шараның мақсаты: Университет студенттерін Орта Азия халықтарының және қазақ халқының да ұлттық мейрамына дәріптеу.

 

Қайрат Б.Қ.

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

"Тазалық байқауы - 2019"

13.04.2019

Жыл сайынғы дәстүр бойынша университетіміздегі Наурыз мейрамы қарсаңында өткізілген Тазалық байқауында биофизика және биомедицина кафедрасы 67 кафедра арасынан озып шығып жүлделі 3 орынға ие болды!

 

© Қайрат Б.Қ. 

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы

www.kaznu.kz 


 

Ары қарай оқу >>

«әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік оқу ғимараты»

13.04.2019

Биология және биотехнология факультеті дәстүрлі тазалық байқауында «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік оқу ғимараты» бойынша 16 факультет арасынан топ жарып жүлделі ІІ орынға ие болды.

Құттықтаймыз!


© Қайрат Б.Қ. 

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

«Үздік жас ғалым – 2019»

12.04.2019

VI Халықаралық әл-Фараби оқулары аясында өткізілген «әл-Фараби және қазіргі заман» форумының қорытындысы бойынша 2019 жылдың 12 сәуірінде өткізілген Фараби оқуларының жабылу салтанатында «Үздік жас ғалым» байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқаудың қорытындысы бойынша биология және биотехнология факультеті, биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Қайрат Бақытжан Қайратұлы «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Үздік жас ғалымы» дипломымен марапатталды.

Шығармашылық табыстар тілей отырып, жас әрі талантты әріптесімізді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

биофизика және биомедицина кафедрасының ұжымы

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>

«Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

10.04.2019

Студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясының 2 секциясы «Биофизика физиология және биомедицинаның қазіргі заманауи мәселелері» отырысында 16 баяндама тыңдалды. Соның ішінде 13 баяндама Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен.

Комиссия «Биофизика физиология және биомедицинаның қазіргі заманауи мәселелері» секциясы бойынша, ректордың дипломына табыс ету мақсатында, 1 орынға Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1 курс магистранты Сейтқадыр Қ.Ә. лайық деп шешті. Сейтқадыр Қ.Ә. сонымен қатар Биология және биотехнология факультеті бойынша І дәрежелі ректордың дипломымен марапатталды. Тақырыбы: «Культурадағы гиппокамп нейрондарының спонтанды синхронды белсенділігінің ырғақты генезін зерттеу». Ғылыми жетекшісі, б.ғ.д., профессор Тулеуханов С.Т.

Комиссия «Биофизика физиология және биомедицинаның қазіргі заманауи мәселелері» секциясы бойынша, ректордың дипломына табыс ету мақсатында, 2 орынға Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 3 курс магистранты Еркенова Н. лайық деп шешті. Тақырыбы: «Сrataegus sanguine – өсімдігі сығындысының жануарлар қанының биохимиялық көрсеткіштеріне әсері». Ғылыми жетекшісі, РhD, аға оқытушы Ыдырыс Әлібек.

Комиссия «Биофизика физиология және биомедицинаның қазіргі заманауи мәселелері» секциясы бойынша, ректордың дипломына табыс ету мақсатында, 2 орынға Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 3 курс магистранты Тютенова А.А лайық деп шешті. Тақырыбы: «Влияние режима CLIL обучения на хронофизиологические показатели сердечно-сосудистой системы школьников». Ғылыми жетекшісі, б.ғ.к., профессор Гумарова Л.Ж.

Комиссия «Биофизика физиология және биомедицинаның қазіргі заманауи мәселелері» секциясы бойынша, ректордың дипломына табыс ету мақсатында, 3 орынға Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 3 курс магистранты Тютенова А.А лайық деп шешті. Тақырыбы: «Гуманитарлық бағыттағы мамандықтарға заманауи жаратылыстану концепциясы пәнінен сабақ берудің әдістемесі». Ғылыми жетекшісі, б.ғ.д., профессор Торманов Н.Т.

 

 

Есенбекова А.Е.

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы

 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>