Жаңалықтар

«Біз СПИД-ке қарсымыз» атты №7 жатақханада кураторлық сағаты өтті

30.11.2019

 

30 қараша 2019 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, №7 жатақханада «Біз СПИД-ке қарсымыз» атты кураторлық сағат өткізілді. Ұйымдастырушылар биофизика және биомедицина кафедрасының эдвайзерлері: Санбаева Б.Ж, Малибаева А.Е, Молсадыққызы М, Қайрат Б.К, Есенбекова А.Е, Сайдахметова А.К, Үсіпбек Б.А

 

 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Биофизика және биомедицина кафедрасының студенті Бакирова Акбота Даркановна «Жылдың үздік студенті» атты Республикалық байқаудың жеңімпазы атанды

30.11.2019

Елімізде «Bilim-órkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының бастамасымен жыл сайын “Жылдың ең үздік студенті” Республикалық байқауы өтеді. Байқаудың мақсаты – Жастар жылының аясында еліміздің жоғары оқу орындарында білім алатын дарынды жастарды анықтау және қолдау. Жеңімпаздарды барысында жастардың білім, ғылым, өнер және спорт саласындағы жетістіктері мен ұйымдастырушылық қабілеті басты бағдарға алынып, сарапқа салынады.

“Жылдың ең үздік студенті” Республикалық байқауында «5В011300-Биология» мамандығының 3 курс студенті Бакирова Акбота қазылар алқасы тарапынан жоғары баға алып, жоба жүлдегері атанды. Акбота университетіміздің белсенді студенттерінің бірі, Алматы қ. Жас-Отан жастар қанаты төрағасының орынбасары.

Жалпы байқауға қатысуға республика бойынша 2 мыңға жуық өтініш келіп түскен, солардың арасынан 98 үздік студент іріктеліп алынды. Жобаның жеңімпаздарының есімі «Жылдың үздік студенті» жобасы мен Жастар жылы аясында «Bilim-orkeniety»  ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының қолдауымен шығарылған «Жас қыран» атты талантты студенттердің жинағына енді. Жинақта отандық жоғары оқу орындарындары студенттерінің арасынан «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық, республикалық және аймақтық олимпиадалардың, конференциялардың, жобалардың, байқаулардың жүлдегерлері, қоғамдық жастар қозғалыстарының көшбасшылары мен белсенділері, ҚР ұлттық құрамасының мүшелері, олимпиадалардың, халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы дерек берілген. 

 

Куратор-эдвайзер: Қайрат Б.Қ.

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

«Елбасы-елдің тірегі»

29.11.2019

29 қараша 2019 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биология және биотехнология факультетінде, ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы-елдің тірегі» атты факультет деңгейінде кураторлық сағат өткізілді.

Ұйымдастырушылар биофизика және биомедицина кафедрасының эдвайзерлері: Малибаева А.Е., Молсадыққызы М.,Қайрат Б.К., Есенбекова А.Е., Үсіпбек Б.А., Санбаева Б.Ж., Сайдахметова А.К.

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Шетелдік студенттердің Түрікменстан Республикасының Елшілігінің кеңесшісімен кездесуі

18.11.2019

2019 жылдың 18 қарашасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механико-математикалық факультетінің қызыл залында шет елден келген студенттермен Туркменистан Республикасы Елшілігінің кеңесшісімен кездесу өтті. Кездесу барысында елші жоғарғы білімді интерназионалдандыру стратегиясы бойынша дәріс оқыды, студенттер барлық қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Молсадыкқызы М.

Биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

№102 гимназия мектебіне кәсіби-бағдар беру жұмыстары

15.11.2019

2019-2020 оқу жылына арналған биология және биотехнология факультетінің 5В07100 -«Биотехнология» мамандығы бойынша 4 курс студенттерінің оқу жоспарына сәйкес 1 аптаға 11.11.2019-16.11.2019 жж. аралығында үздіксіз педагогикалық тәжірибеге №102 ЖББМ-ке апарылды онда студентерді мектеп ережелерімен таныстырып, мектептегі ұстаздармен кездестірді. 3 курс 5В07100 -«Биотехнология» мамандығына жетекшілік еткен Қожахметова А.Н.


www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

«ЖИТС – ХХІ ғасыр дерті»

15.11.2019

Құрметті биология және биотехнология факультетінің ұстаздар қауымы мен студенттері!

15.11.2019 ж. 09.00 сағ. 427 ауд. ГУК.6 Факультет деңгейінде «ЖИТС – ХХІ ғасыр дерті» тақырыбымен кураторлық сағаты «Салауатты өмір салты» жобасына сәйкес өткізілетін іс-шара өтті.

Ұйымдастырушы: Биофизика және биомедицина кафедрасының эдвайзерлер мен магистрлер: Бақтыбаева Л.Қ., Умирбекова Л., Молсадыққызы М.

 Студенттерге ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндірді, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақырды. ЖИТС-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтырды.

Ары қарай оқу >>

№62 гимназия мектебіне кәсіби-бағдар беру жұмыстары

14.11.2019

2019-2020 оқу жылына арналған биология және биотехнология факультетінің 5В07100 -«Биотехнология» мамандығы бойынша 4 курс студенттерінің оқу жоспарына сәйкес 1 аптаға 11.11.2019-16.11.2019 жж. аралығында үздіксіз педагогикалық тәжірибеге №62 ЖББМ-ке апарылды онда студентерді мектеп ережелерімен таныстырып, мектептегі ұстаздармен кездестірді. 3 курс 5В07100 -«Биотехнология» мамандығына жетекшілік еткен Қожахметова А.Н.


www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

«Тіршіліктің мәнгілік теориясы. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы материалистік көзқарастар»

10.11.2019

Құрметті биология және биотехнология факультетінің ұстаздар қауымы мен студенттері!

07.11.2019 ж. 11.00 сағ. 220 ауд. ГУК.6 Факультет деңгейінде «Тіршіліктің мәнгілік теориясы. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы материалистік көзқарастар»   тақырыбымен кураторлық сағаты «Рухани жаңғыру» жобасына сәйкес өткізілетін іс-шара өтті.

Ұйымдастырушы: Биофизика және биомедицина кафедрасының эдвайзерлері мен магистрлері: Бақтыбаева Л.Қ., Сайдахметова А.К., Халық А., Сраилова Г.Т.

Ары қарай оқу >>

"Студенттер қатарына қабылдау" рәсімі өтті

17.10.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі Студенттер қатарына қабылдау мерекелік іс-шарасы өтті. Бұл шараға биофизика және биомедицина кафедрасының куратор-эдвайзерлері мен студенттері қатысты. Шара барысында студенттерге арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

 

Қожахметова А.Н.

биофизика және биомедицина кафедрасының аға оқытушысы

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Ұстаз – бұл қабілеттілік

03.10.2019

Ұстаздар күніне арнап, Түркменистан мемлекетінен келген, 1 курс студенттері

«Ұстаз – бұл қабілеттілік» атты іс-шара дайындады.Іс-шара барысында студенттер барлық оқытушыларды мерекелерімен құттықтады.

Барлық студенттер өздерінің ұлтық киімдерін киіп, ұлттық әндерін айтып, билерін биледі.

 

Молсадыкқызы М.

Биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>