«Үздік жас ғалым – 2019»

12.04.2019

Көрулер: 2667

 

VI Халықаралық әл-Фараби оқулары аясында өткізілген «әл-Фараби және қазіргі заман» форумының қорытындысы бойынша 2019 жылдың 12 сәуірінде өткізілген Фараби оқуларының жабылу салтанатында «Үздік жас ғалым» байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқаудың қорытындысы бойынша биология және биотехнология факультеті, биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Қайрат Бақытжан Қайратұлы «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Үздік жас ғалымы» дипломымен марапатталды.

Шығармашылық табыстар тілей отырып, жас әрі талантты әріптесімізді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

биофизика және биомедицина кафедрасының ұжымы

www.kaznu.kz