"Үздік киіз үй - 2019"

15.04.2019

Көрулер: 2215

 

15 сәуір 2019 ж. Ректорат мәжілісінде «Парасат» университет қызметкерлерінің кәсіподағының ұйымдастыруымен өтетін дәстүрлі «Үздік киіз үй – 2019» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Биология және биотехнология факультеті Наурыз мерекесін тойлау кезінде өткізілетін «Үздік киіз үй - 2019» дәстүрлі байқауында тігілген киіз үйлер арасынан топ жарып жүлделі ІІІ орынға ие болды. Биыл Наурыз мейрамын өткізуге факультет атынан биофизика және биомедицина кафедрасының ұжымы жауапты болғанын еске саламыз. Жеңімпаздар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ыстықкөлдегі спорттық-сауықтыру лагеріне үш жолдама алды. Жүлделі орындарды тағайындау барысында байқау комиссиясы киіз үйдің сыртқы келбеті, ішкі көрінісі, ұлттық нақыш, жайылған дастархан, үй иелерінің қонақжайлығы және т.с.с. көрсеткіштерді басты назарда ұстайды.

© Қайрат Б.Қ. 

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы


www.kaznu.kz