«Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

10.04.2019

Көрулер: 2260

 

 

Студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясының 2 секциясы «Биофизика физиология және биомедицинаның қазіргі заманауи мәселелері» отырысында 16 баяндама тыңдалды. Соның ішінде 13 баяндама Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен.

Комиссия «Биофизика физиология және биомедицинаның қазіргі заманауи мәселелері» секциясы бойынша, ректордың дипломына табыс ету мақсатында, 1 орынға Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1 курс магистранты Сейтқадыр Қ.Ә. лайық деп шешті. Сейтқадыр Қ.Ә. сонымен қатар Биология және биотехнология факультеті бойынша І дәрежелі ректордың дипломымен марапатталды. Тақырыбы: «Культурадағы гиппокамп нейрондарының спонтанды синхронды белсенділігінің ырғақты генезін зерттеу». Ғылыми жетекшісі, б.ғ.д., профессор Тулеуханов С.Т.

Комиссия «Биофизика физиология және биомедицинаның қазіргі заманауи мәселелері» секциясы бойынша, ректордың дипломына табыс ету мақсатында, 2 орынға Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 3 курс магистранты Еркенова Н. лайық деп шешті. Тақырыбы: «Сrataegus sanguine – өсімдігі сығындысының жануарлар қанының биохимиялық көрсеткіштеріне әсері». Ғылыми жетекшісі, РhD, аға оқытушы Ыдырыс Әлібек.

Комиссия «Биофизика физиология және биомедицинаның қазіргі заманауи мәселелері» секциясы бойынша, ректордың дипломына табыс ету мақсатында, 2 орынға Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 3 курс магистранты Тютенова А.А лайық деп шешті. Тақырыбы: «Влияние режима CLIL обучения на хронофизиологические показатели сердечно-сосудистой системы школьников». Ғылыми жетекшісі, б.ғ.к., профессор Гумарова Л.Ж.

Комиссия «Биофизика физиология және биомедицинаның қазіргі заманауи мәселелері» секциясы бойынша, ректордың дипломына табыс ету мақсатында, 3 орынға Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 3 курс магистранты Тютенова А.А лайық деп шешті. Тақырыбы: «Гуманитарлық бағыттағы мамандықтарға заманауи жаратылыстану концепциясы пәнінен сабақ берудің әдістемесі». Ғылыми жетекшісі, б.ғ.д., профессор Торманов Н.Т.

 

 

 

 

Есенбекова А.Е.

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы

 

www.kaznu.kz