Кафедраның тарихы

Биофизика және биомедицина кафедрасының қалыптасу тарихына бай, көп ғылыми дәстүрлері бар және Республиканың ғылыми тіршілігіне белсенді қалыптасады. Оның көптеген түлектері атақты ғалымдар атанды және өздерінің ғылыми мектептерін басқарады. 1938 жылы қалыптасқан адам және жануарлар физиологиясы, 1973 жылы ашылған биофизика және 1989 жылы қаланған биологияны оқыту әдістемесі кафедраларының бірігу нәтижесінен осы кафедра ұйымдасты.

Біріккен кафедра құрамына енетін адам және жануарлар физиологиясы биология факультетіндегі ежелгі кафедраларының бірі болып саналады. Кафедра 1938 жылы негізделген. Кафедраның бірінші меңгерушісі Н.Н. Павлов болды, кейінгі жылдарда кафедраны меңгергендер - К.Н. Нұрмағамбетов (1938-1942 ж.ж.); медицина ғылымдарының докторы, профессор М.А. Розенберг (1942-1944 жг.ж.); биология ғылымдарының докторы, ҚазССР БА академигі А.П. Полосухин (1944-1947 ж.ж.); биология ғылымдарының докторы, профессор М.Ф. Авазбакиева (1947-1981 ж.ж.); биология ғылымдарының докторы, профессор Х.Д. Дүйсембин (1981-1990 ж.ж.); биология ғылымдарының докторы, профессор К.С. Рымжанов (1990-1997 ж.ж.); биология ғылымдарының кандидаты, доцент З.А. Асқарова (1997-1999 ж.ж.).

 


 

 

 

 

 

б.ғ.д., ҚазССР БА академигі, А.П.Полосухин

 

б.ғ.д., профессор

М.Ф. Авазбакиева

 

б.ғ.д., профессор

В.М. Инюшин

 

 

 

Биохимия и биофизика кафедрасы 1973 жылы қаланды, кафедраның меңгерушісі б.ғ.д., профессор В.М.Инюшин болды. 1980-1983 жылдары м.ғ.д., профессор А.Б.Өтешев кафедраның меңгерушісі болса, ал 1984-1999 жылдары В.М.Инюшиннің өзі қайта меңгерді.

Орта, арнайы мектептерге, гимназияларға және лицейлерге биология мұғалімдерін дайындау қажеттілігімен 1989 жылы қазан айында Биологияны оқыту әдістемесі кафедрасы ашылды. Кафедраның меңгерушісі б.ғ.к., ҚазҰУ профессоры Н.Т. Торманов (1989-1996 жж.) болды.

 

 

б.ғ.к., ҚазҰУ профессоры

Н.Т. Торманов

 

б.ғ.к., доцент З.А.Асқарова

 

б.ғ.д., профессор С.Т. Төлеуханов

 

 

 

1999 жылдан бері кафедраның меңгерушісі Төлеуханов Сұлтан Төлеуханович – биология ғылымдарының докторы, профессор, ақпараттық ғылымның халықаралық академиясының академигі.

Кафедра бакалавриат, магистратура және PhD-докторантура бөлімдерінде мамандар дайындайды. Оқыту қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Адам және жануарлар физиологиясы, биофизика және биологияны оқыту әдістемесі бойынша жалпы курстар биология және биотехнология факультетінің барлық мамандарында оқытылады.