«Болашақтың метағаламы – Қазақстанның ақпараттық жаңғыру моделі» атты сайлауалды тұғырнаманы талқылау мақсатында республикалық ғылыми-әдістемелік семинар
Көрулер: 1212
АҚПАР ХАТ
Күні: 18 қараша 2022 жыл
Уақыты: сағат 10:00
Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кітапханасының № 409 конференция залы.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінде БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Болашақтың метағаламы – Қазақстанның ақпараттық жаңғыру моделі» атты сайлауалды тұғырнаманы талқылау мақсатында республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтеді.
Шараның жұмыс бағдары:
- · БАҚ - әділ сөз алаңы ретінде
- · Баспасөздегі кұндылықтар коды
- · Медианың жаңа цифрлы мүмкіндіктері
- · Жаңа медиадағы жаңа буын
- · Сапалы білімнен - білікті медиамаманға
Ғылыми жиынға республикалық БАҚ өкілдері, журналистер, медиа мамандары және журналистика факультетінің оқытушы-профессорлары, студенттер, магистранттар мен PhD докторанттар қатысады.
Байланыс үшін:
Профессор Гүлмира Серікбайқызы Сұлтанбаева, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі
моб.: +77073777049, e-mail: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.edu.kz
Алтын Бақашқызы Ақынбекова, Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары, PhD, моб.: +77772750861, e-mail: Akynbek75@gmail.com






