Журналистика факультетінде «DIGITAL MEDIA» практикумы жобасы басталады

19.10.2022

Көрулер: 654

Әл-Фараби атындағы ТРК базасында журналистика факультеті студенттеріне медиа және журналистика практик мамандары қолдауымен   «DIGITAL MEDIA» практикумы жобасы аясында видео, аудио және графикалық контент даярлауды үйретеді.

 

Практикум бағдарламасында: камерамен жұмыс, дронмен жұмыс, аудио және видео монтаж, 3D визализация, VR журналистика бағыттары қамтылған.

 

20 қазан 2022 жылы сағат 12.00 № 208 Н. Иманғалиұлы атындағы Qazaqstan оқу-шығармашылық зертханасында Ындыбаев Ринат Алпысбайұлының "3D өнер", Алан Бондаревтың "Дрон журналистика" шеберлік сыныптары өтеді.

 

Ындыбаев Ринат, архитектор, дизайнер Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеттің тау-кен факультетінің бакалавры, 2006-2010 жж. Жобалау мекемелерінде, зауыттарда жобалаушы, 2010-2018 жж., 3D жобалау маманы.

 

Алан Бондарев, видео продакшн маманы (түрлі бағыттағы күрделі видеотүсірімдер) 2013-2017 жж, АҚШ. "Линия судьбы", «Заповедный Казахстан" жобалары, бейнеклиптер, Венгриямен бірлескен деректі фильмдер, 2017. Медиапродюсер, режиссёр, оператор

 

Журналистика факультеті

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы