ФАКУЛЬТЕТ ТЫНЫСЫ. КАФЕДРАДАҒЫ ӨМІР. ПАРАСАТТЫ ТҰЛҒАЛАР...СЕЙІТЖАНОВА ЖАНАТ САНУАРҚЫЗЫ

10.10.2022

Көрулер: 845

  • «Баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасы деген тақтайшасында жазуы бар №225 кабинетке кіре салысымен хош иісі аңқыған, түр-түсінде мін жоқ тамаша гүлдерді көресіз. Топырағын құнарлы етіп, әр сабағына мейіріммен су құятын Сейітжанова Жанат Сануарқызының «қош келдіңіздер» деген үні әр оқытушы мен әр студенттің құлақ құрышын қандырады.
  •          Иә, сандаған жылдар бойы адал қызмет етіп, ұжымына шынайы жанашырлықпен, ізгілікпен қарайтын бүгінгі кейіпкердің өмірі ғибратқа толы. Қиын кезде бірден қол ұшын беретін, кафедрада өтетін әр шараға зор жауапкершілікпен, ерекше ықылас-пейілмен қарайтын Сейітжанова Жанат Сануарқызының кафедрадағы рөлі орасан зор. Сондықтан да,  Сейітжанова Жанат Сануарқызына зор алғыс білдіреміз!

 

 


 

Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының аға оқытушысы                 Елғондинова Аружан Дидарқызы