"Фотожурналист анықтамалығы"

25.09.2022

Көрулер: 1043

 

Бүгін ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде фотоөнердегі ұстазым, "Фотоөнер" ҚБ-нің төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы ағамызбен бірлесіп әзірлеген "Фотоография өнері" және ағаның жеке авторлығымен "Фотожурналист анықтамалығы" оқу-құралының тұсаукесер рәсімі өтті. Шараны журналистика факультетінің деканы Нұржан Қуантайұлы құттықтау сөзімен ашып, ұстазымыз Сағатбек Медеубекұлы жүргізіп отырды.


Қос жаңа еңбектің тұсаукесер рәсіміне елімізге белгілі ғалымдар, фотоөнер мамандары, ардагер фототілшілер, қоғам қайраткерлері, студент, магистранттар қатысты. Жиында ардагер фотомайталмандар кітапты талқылай отырып, шеберлік сабағын өткізді. Бұл жұмыстардың өтуіне Арман Әубәкір ағамыз бастаған «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры демеушілік жасап отыр.
Жаңадан шыққан кітаптар баспагер-редактор Жанат Бекетан ханым басқаратын "Дарын" баспасынан 500 дана тиражбен жарық көрді. Шара соңында ұстазымыз - Кәкен Қамзин батасын беріп, естелікке суретке түстік.
Д. Балабекұлы