БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

28.12.2021

Көрулер: 1320

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде   Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы «Qazaqstan» ұлттық арнасының оқу-шығармашылық зертханасы ашылады.

 

  • Күні: 27 желтоқсан, 2021 жыл 
  • Уақыты: 11.00 
  • Орындары: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ректорат фойесінде кітап және фотокөрмелері 
  • Журналистка факультеті, № 208  дәрісхана


Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның қатысуымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде   Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы «Qazaqstan» ұлттық арнасының оқу-шығармашылық зертханасы ашылады. 
Шараға бұқаралық ақпарат құралдары басшылары, танымал журналистер, қоғам және өнер қайраткерлері, журналистика факультетінің оқытушы-ұстаздар қауымы, студенттері қатысады. 

 



Ақпарат:  Нұртілеу Иманғалиұлы 1952 жылы 14 мамырда Алматы облысы Ақсу ауданы Қарасу ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетін тәмамдаған соң 1974 жылдан бастап Қазақ телевизиясының «Жастар» редакциясында тілші, кіші редактор, редактор, аға редактор, бас редактор, саяси шолушы, директордың орынбасары, «Хабар» Агенттігінде модератор-жүргізуші, 2003-2006 жылдары ҚР Үкімет Кеңсесінің «Әлеуметтік-мәдени даму» бөлімінің сектор меңгерушісі, ҚР Президент Әкімшілігінде бас маман қызметтерін атқарды. 2006 жылы Республикалық «Қазақстан» телерадио корпорациясына Басқарма төрағасы болып тағайындалды. 2008 жылдан зейнетке шыққанға дейін Басқарма төрағасының кеңесшісі міндетін атқарды. Нұртілеу Иманғалиұлы саналы ғұмырының жарты ғасырын телевизияға арнаған. Қазақ телевизиясында 4500-нан астам хабардың авторы.  «Құрдастар», «Жастар дауысы», «Арай», «Жадыңда ма, Жолдас», «Алтыбақан, «Айна», «Жас жігер», «Бетпе-бет», «Қолтаңба», «Діңгек», «Көршілер", «Заң сөйлесін», «Nur-Tiley» авторлық бағдарламаларын жасады.   Қазақстанның Құрметті журналисі, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Алматы облысы және Ақсу ауданының Құрметті азаматы, Өнер Академиясының Мәртебелі профессоры, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері. ҚР Тұңғыш Президенті стипендиясының иегері (2021). Екі мәрте ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен (2009), «Парасат» орденімен (2018) марапатталған. Қазақстан Журналистер Одағының үш мәрте лауреаты, «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері (1999), Нұр-Отан партиясының «Нұр сұңқар» бәйгесінің «Майталман» номинациясының тұңғыш лауреаты (2019).