Тәуелсіздік - Тұғырым!

17.12.2021

Көрулер: 1564

Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының аға оқытушысы Назым Есхуатованың ұйымдастыруымен 2021 жылы 15-желтоқсанда сағат 17.00-де Тәуелсіздіктің 30-жылдығына арналған мерекелік шара өтті. Шарада студенттер 30-жылдың ішінде Тәуелсіз еліміз қандай жетістіктерге жеткені туралы құнды мәліметтер беріп, рухани-танымдық ақпараттарға толы мәнді де мазмұнды ой-пікірлерімен еркін бөлісті. Сондай-ақ, қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты жалынды жырын ұлы рухпен, өргек сезіммен жатқа оқып, көрерменді рухтандыра түсті.

 


 

 


 

         Шараның тағы бір ерекше тұсы – Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының аға оқытушысы Назым Есхуатованың өзі шығарған күмбір күйін нақышына келтіріп, асқан шеберлікпен орындауы еді. Күйдің жан тебірентерлік ырғағынан күллі қазақ халқының бұралаңы мен бұлтарысы мол «тар жол, тайғақ кешудегі» мұң-мехнаты, мелжемді қазақ батырларының «ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алғаны», көделі, бетегелі ұланғайыр қазақ даласы көз алдымызға елестеді.

 



         Күйдің сазына елтіген Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының профессоры Сәуле Барлыбаева таңданысын жасыра алмай, салиқалы ой айтып, шараны ұйымдастырған Назым Есхуатова мен 2-курс орыс тобының алғыр студенттеріне алғысын жаудырды!

         Әлбетте, осындай мәні терең, мазмұнды шараны – болашақ қаламы қарымды, жүрегі жалынды журналистерге ұлттық құндылықтарды насихаттаудың озық үлгісі десек, артық айтқандық емес!

 

Авторы: Елғондинова А.Д.