«Нежданный гость - Джучи» және «Бату - хан»

09.12.2021

Көрулер: 1647

2021 жыл 9 желтоқсан сағат 12.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Әл-Фараби» кітапханасының № 303 Тұңғыш Перзидент залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі, кино мен теледидар редакторы, сценарист Санжар Нұрлан Санжарұлының 70 жасқа толуына орай «Нежданный гость - Джучи» и «Бату - хан» атты кітаптарының тұсаускесері өткізіледі. Сонымен бірге автор еңбектерінің арнайы көрмесі, фото-көрме ұйымдастырылады.

Іс-шараға қоғам және мемлекет қайраткерлері, киноактерлер мен кинорежиссерлер, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистанттар  қатысады.

Қосымша ақпарат:

Санжар Нұрлан Санжарұлы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі, кино мен теледидар редакторы, сценарист. 1974 жылы Өскемен педагогикалық институтының филология факультетін, Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын (ВГИК), 1982 ж. Е.Габрилович, Л.Голубкина, С.Лунгин, И.Вайсфельд шеберханасын, сценарий факультетін бітірген. 2009 ж. Абай атындағы АМУ аспирантурасы - әлеуметтік философия: философия ғылымдарының кандидаты.

Көркем фильмдердің сценарий авторы: «Соломинка удачи» - кмф, 2 б., «Казақфильм», 1982ж., «Диагноз» - толықметражды видеофильм, КазТВ, 1987 ж., «Путешествие в никуда» - толық метражды көркем фильм, «Казахфильм», 1989ж., «Аллажар» (2 бөлімді) – толық метражды көркем фильм, «Казақфильм» - «Барыс» 1990 ж., «Ангелочек» (13 сериялы) – «Қазақфильм» түсірген көркем телефильмнің сериясы, 2008 ж., 2008 жылы Ялта телевизиялық фестивалінің Гран -приін, 2009 жылы Мәскеуде өткен Гран -приді марапатталды.

Нұрлан Санжарұлы «Менің атым Қожа» фильмінде басты рөлде ойнады, 1964 ж. - Канн МКФ арнайы сыйлығы - Жастарға арналған үздік фильм. Ол «Қош бол, Гүлсары!» фильмінің екінші басты рөлінде ойнады, 2007 - МКФ Фардж Гран -приі, Азияның үздік фильмі.

Әдеби байқауларға қатысу: «Алтын қалам» республикалық әдеби байқауы: «Идомени лабиринті» сценарийі үшін - 2018 жылдың үздік сценарий драмасы. Қазақ кинематография және ғылым академиясының «Тұлпар» ұлттық кино сыйлығы, «Оралман» фильмі 6 номинация бойынша жеңімпаз, оның ішінде «Оралман» фильмінің үздік сценарийі. Қазақстан кинематографистер одағының «Құлагер» ұлттық киносыйлығы - Үздік фильм 2017 - 2018 

Деректі фильмдер сценарийлерінің авторы: «Бата», «Городу быть!», «Астана», «Шабыт» - жаңа астана туралы серия, 2000 ж, «Арекет» өнімі, «Каракия» -Маңғыстау облысы жайлы толық метражды деректі фильм, 2004ж., «Казақфильм» өнімі. 

Көркем әдеби шығармалардың авторы: повесть - «Періште», ред. INTEL GROUP, Алматы, 2008. Повесть республикалық бестселлер, тарихи дилогия ретінде танылды: романдар - «Нежданный гость - Джучи» и «Бату-хан».

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, с.ғ.д., профессор Г.С. Султанбаева тел.: +77272211492, моб.: +77011527488, +77073777049

Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары А.Б.Ақынбекова, тел.: +77272211351, моб.: +77772750861