«ТЕМІРБЕК КОЖАКЕЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ САТИРАЛЫҚ ПУБЛИЦИСТИКАСЫ»

28.03.2021

Көрулер: 1717

2021 жылдың  23-сәуірінде сағат 11.00-де  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетіндегі Е. Шәймерденов атындағы аудиторияда IX Қожакеев оқулары аясында   «ТЕМІРБЕК КОЖАКЕЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ САТИРАЛЫҚ ПУБЛИЦИСТИКАСЫ»  атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтеді.   

«Темірбек Қожакеев және Қазақстанның қазіргі сатиралық публицистикасы»  атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция дәстүрлі «Қожакеев оқулары» аясында өткізіледі.

Конференцияға Т. Қожакеевтің туыстары,  әріптестері, шәкірттері, журналистика және бұқаралық коммуникация зерттеушілері, журналистика факультетінің оқытушы-профессорлары, БАҚ мамандары, студенттер мен магистранттары және докторанттар қатысады. 

Қосымша ақпарат: Темірбек Қожакеұлы Қожакеев 1926 жылдың 17 желтоқсаны күні Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ойтал ауылында дүниеге келген (17.12. 1926, Жамбыл облысы Меркі ауданы Ойтал ауылы – 29.12.2003, Алматы). Қожакеев қазақ сатирасының тарихы мен ерекшеліктерін зерттеп, негізін қалаған ғалым. Ол – қазақ әдебиеті мен баспасөзінің тарихы, теориясы жөніндегі 200-ден астам мақала мен көркемпублицистикалық очерк, фельетондардың авторы. Қожакеев өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар Одағы жанындағы қазақ сықақшылары қауымдастығының президенті болды. «Мерейлі Меркі», «Керімсал кент» (Е.Сауранбаевпен бірге), «Сатира сардарлары», «Сатира негіздері» кітаптарын, 7- томдық таңдамалы шығармалары, сондайақ журналист болсам деп армандаған жас өрендерге арнап «Жас тілшілер серігін» жазған ғалым-ұстаз. Филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеев Қазақстан Жоғары мектебі ҒА тағайындаған «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері. 

 ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, с.ғ.д., профессор               

Г.С. Сұлтанбаева тел.: +77272211492, моб.: +77011527488, +77073777049

Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары, PhD  А.Б.Ақынбекова, тел.: +77272211351, моб.: +77772750861

Оқытушы: Елғондинова Аружан Дидарқызы

Конференцияның жеке идентификаторы: 255 561 2377

Код : 4E4CM3 

 

Ақпаратты сайтқа салған: Елғондинова Аружан