2021 жылдың 12-мамырында студенттер мен жас ғалымдарға арналған «Бекқожин оқулары» аясында ең үздік студенттік теле-жобаларға, тележурналистика мен радиожурналистика және электронды БАҚ, заманауи бұқаралық коммуникация құралдары, сандық технология салалары бойынша ұсынылған ғылыми-зерттеу

28.03.2021

Көрулер: 1792

2021 жылдың 12-мамырында студенттер мен жас ғалымдарға арналған «Бекқожин оқулары»  аясында ең үздік студенттік теле-жобаларға, тележурналистика мен радиожурналистика және электронды БАҚ, заманауи бұқаралық коммуникация құралдары, сандық технология салалары бойынша ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмыстарына байқау жарияланады. 

Байқауды ұйымдастыру мақсаты - студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми ізденісін арттыруға, телерадиожурналистика бағытындағы шығармашылық ойлары мен жаңаша идеяларын жүзеге асыруға ықпал ету. 

Байқаудың номинациялары:  

- Ең үздік ғылыми жұмыс; 

- Ең үздік тележоба; 

- Ең үздік радиобағдарлама; 

- Ең үздік публицистика; 

- Қайыржан Бекқожиннің өмірі мен шығармашылығына арналған ең үздік мультимедиалық жоба. 

Жалпы ережелер           

Қазақстан жоғары оқу орындарының журналистика факультеті студенттері арасында Бекқожин оқулары  аясында ең үздік студенттік ғылыми-зерттеу жұмысы мен  тележурналистік шығармашылыққа, тележурналистика мен радиожурналистика, қазіргі электрондық медиа мен сандық технологиялардың ұлттық және жаһандық ақпараттық кеңістікте дамуы, ҚР мен әлемдік ақпараттық қоғамның  проблемалары мен таяу болашағын саралауға арналған ғылыми-зерттеу жобаларына байқау 2021 жылдың 15 сәуір-10 мамыр аралығында өтеді.  

Материалдардың қабылдануы мерзімі – 2021 жылдың  10 мамырға дейін Akynbek75@gmail.com электронды почтасына жолдайсыздар

Байқау нәтижелері 2021 жылдың  12 мамырда  шығарылады.  Байқауды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы ұйымдастырып, жариялайды.  

Әділқазылар алқасы

Әділқазылар алқасы құрамына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушы профессорлары, журналистер, тележурналистика мен электронды бұқаралық коммуникация салаларында қызмет ететін белгілі қоғам қайраткерлері қатысады.  Ең үздік жұмыстар әділқазылар алқасы мүшелерінің шешімімен іріктеледі. 

Негізгі талаптар: 

Бекқожин оқулары  аясында ұсынылатын ең үздік студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстары, телепублицистік шығармашылық жетістіктер мен ғылыми-зерттеу жобалар байқаудың мақсаты мен міндеттеріне сай болуы шарт. 

Марапаттау:  

Байқау жеңімпаздары 1,2,3-дәрежелі дипломдармен марапатталып, қатысушыларға сертификат беріледі.       

 Ғылыми жұмыстар мен жобаларға қойылатын техникалық талаптар:       

 Ғылыми жұмыстар талапқа сай электронды түрде, ал тележобалар ютуб арнасына жазылып ұсынылуы тиіс.         

 Ғылыми жұмыстар мен жобалар төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:

1.Ғылыми жұмыс (мақала) мәтіні 20-40 бет көлемінде және тіркеу  формасы MS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылған болуы тиіс. Кесте, схемалардың, суреттердің өз атауы болуы   және Windows аясында терілуі тиіс.

2. Парақтың параметрлері: жоғарғы жағы-2 см,  төменгі жағы -2см, сол жағы-3см, оң жағы 2 см.

3.Шрифт:  Times New Roman, Kz Times New Roman, кегль-14.

4. 1 - Аралық интервалмен. Жаңа жол: 1,25 см.

5. Бір интервалдан кейін жаңа жолдан ғылыми жұмыстың материалдары беріледі.

6. Әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстың соңында және тізім  тәртібіне сәйкес  жазылады.         

Ғылыми жұмыста әдебиеттер тізімі «квадратты» жақшада әдебиеттер тізіміндегі автордың еңбек нөміріне сәйкес қойылады. Сілтемені қолданғанда қайнар көздің бетін  көрсету керек. Мысалы: [ 1, 256 б].

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, с.ғ.д., профессор             

  Г.С. Султанбаева тел.: +77272211492, моб.: +77011527488, +77073777049

Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары, PhD  А.Б.Ақынбекова, тел.: +77272211351, моб.: +77772750861   

Оқытушы: Елғондинова Аружан Дидарқызы

 

 

Ақпаратты сайтқа салған: ЕЛҒОНДИНОВА Аружан