"Қайырылымдылық алаңы"

28.03.2021

Көрулер: 1634

Сіздерді тағы бір алаңмен таныстырайын. Ол "Қайырымдылық алаңы" деп аталады. Бұл фойе бұрын әншейін бос тұрған.Бос тұрмасын дедік. Студенттерге білім беру мен тағылым үйрету ісіне пайдаланылсын дедік. Дедік те керегелерін тегістеп (гипсокартонмен), левкастап, екі жақтағы қабырғаларға Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Ахмет Байтұрсынұлының, Міржақып Дулатовтың тұлғаттарын заманауи затындарға салып, астына олардың ұлағатты сөздерін жазып қойдық. Екі қабырғаға ұзын сөре жасадық.
Онда студенттер сабақтан бос кезде өздерінің ноутбуктерін, телефондарын қуаттандырып алады да уақыты болса сабаққа дайындалады немесе жаңа ақпараттармен танысады. Арнайы үстөл және орындықтар қойылған. Онда дем алады, сырласады.
Кімде кім қайырымдылық жасағысы келсе, осы алаңға келеді. Осында өзгелерге өнеге болсын деп жұрттың көзінше қайырымдылық акциасын жасайды. қайырымдылықтың бір түрі тегін кітап сыйлау . Бұл алаңда мерейтой иелері өздерінің жаңа шыққан кітаптарын студенттерге тегін таратты.
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Медеубек Сағатбек Медеубекұлы