Белгілі сыншы, танымал журналист Сағат Әшімбаев атындағы оқу-зертханалық аудиториясы

28.03.2021

Көрулер: 1853

Маған жиі қойылатын сұрақтың бірі - факультетте не жаңалық?Сол сұраққа әлеуметтік желі арқылы жауап беруді жөн көрдім.Соңғы алты-жеті жылда факультет білім беру мен ғылыми зерттеу ісін жетілдіру үшін өзінің затындық-техникалық негізін жақсартуға көңіл бөлді. Заманауи технологиямен жабдықталған атаулы дәрісханалар жәй дәріс оқу үшін ғана емес назарияны (әл-Фараби қолданған термин, теория деген мағына береді) амалиатпен (бұл да әл-Фараби қолданған термин, практика деген мағына береді) ұштастыра білім беру мен ғылыми зерттеуді жүзеге асыруға арналды.

Солардың бірі - 2014 жылы ашылған қоғам және мемлекет қайраткері, сыншы, әйгілі замансөзгер Сағат Әшімбаев атындағы аудитория. Мұны біз енді қара шаңырағымыз ғылыми- зерттеу университеті болуға бет алғанда білім беру мен ғылыми ізденістер зертханасы жасамақпыз. Білім беру, зерттеумен қатар ең бастысы тәлім-тәрбие беру де басты назарда.

Сағат Әшімбаевтай тұлғаның өмірі мен шығармашылығынан тағылым беретін бұл зертханада студенттер заманның тамырын дөп басып, ұлтының келешегі үшін қызмет етудің жарқын үлгілерін үйренеді. Телезамансөздің тарихын, назариясын, амалиатын зерттейді. Тәжірибеге енгізеді.

 

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Медеубек Сағатбек Медеубекұлы