"Қазақстан" Ұлттық арнасына арналған оқу-зертханалық аудитория

28.03.2021

Көрулер: 1522

Факультет жұмыс берушілермен тығыз байланыста болуға қаншалықты мүдделі болса, олар да факультетпен қарым-қатынасты нығайтуға соншалықты мүдделі. Өйткені, факультет оларға білікті , кәсіби құзыретті маман даярлауға міндетті болса, осы үдеріске жұмыс берушілер де атсалысады. Оқу бағдарламаларын құрарда жұмыс берушінің сұранысы мен қажетілігі міндетті түрде ескеріледі. Олар нені үйрету керек, қандай құзыреттіліктерді ескеру керек екенін айтып қана қоймайды, өздері де сол кәсібилік талаптарын орындауға араласады.
Осындай қарым-қатынастарды, яғни білім беру мен ғылыми ізденістерді кәсіби әрекеттермен ұштастырып отыру мақсатында ашылған дәрісхананың бірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы білім беру және ғылыми ізденістер зертханасы.
Бұл зертханада студенттер, магистранттар, докторанттар, жас ғалымдар тележурналистиканың тарихы, теориясы, тәжірибесін оқып қана қоймай, ғылыми- зерттеу ісімен де айналысады. Зертхана «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының құрылғанына 60 жыл толуына орай ашылған болатын.
  Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Медеубек Сағатбек Медеубекұлы