«The New Indian Express» редакторы

23.04.2020

Көрулер: 1744

Манджу Лазза Каланди Хидрабат (Үндістан) қаласының ағылшын тілінде шығатын басты басылымы болып санатын  «The New Indian Express» редакторы.  18 жылдан астам тәжірибесі бар ол бүгінде құрамына көптеген репортер, дизайнер, фотографтар кіретін үлкен ұйымды басқарады. Оның негізгі міндеті «The New Indian Express» газетінің саясаты мен даму стратегиясын құру мен іске асыру болып табылады. Мисс Каланди әлеуметтік тақырыптағы мақалаларға ерекше көңіл бөледі. Оның пікірнше әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бастамаларды медиа арқылы көрсету міндетті. Ал олардың оқырмандар арасында сұранысқа ие болуы мақсатты аудиторияны зерттеу онымен жұмыс әстей білуге және мақалаға дұрыс әрі тартымды «қаптама»  жасай алуға байланысты. 

2014 жылы мисс Каланди ұйымдастырған Бір себет күріш (Rice Bucket Challenge) жобасы арқылы 200 000 килограммнан артық күріш жиналды. Бұл жобаның басты мақсаты Үндістандағы мұқтаж жанұяларға қол ұшын беру.  

Сонымен қатар, Мисс Каланди TedX спикері, UN-iCongo Karamveer Chakra Award номинанты,  JFW Women Achiever Award 2014 сыйлығының лауреаты, L'oreal Social Influencer 2015 номинанты, ал қазіргі кезде 80 000 фоловері бар әлеуметтік желілерде де әлеуметтік тақырыпты қозғайтын белсенділердің бірі.