Телеарна тілшісінің тәжірибесі

19.10.2019

Көрулер: 1795

"Qazaqstan" оқу-шығармашылық зертханасында өткен шараға журналистика және филология факультетінің тәлімгерлері қатысты. Студенттер ойында жүрген түрлі сұрақтарын қойып, пайымды жауап алды. Менің ойымша мұндай кездесулер білім ордасының студенттері үшін таптырмас мүмкіндік! Өйткені, кездесу ешқандай ережесі жоқ емен-жарық әңгімеге арқау болып, мамандық төңірегіндегі маңызды тақырыптар қозғалды. Бастысы ақпарат дайындаудың тың тәжірибесін игердік. Ал, Сымбат Ғалымбекұлы тәлімгерлерді ақпарат дайындау барысындағы тәжірибесімен бөлісу үшін өндірістік тәжірибеден өтуге болатынын айтып қуантты. Сондықтан, "Ұлттық рух ұясы" апталықтарын ұйымдастырушыларға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Роза Дәулетханқызы Журналистика факультетінің 1 курс студенті