"Жас Алаш" газеті

01.02.2019

Көрулер: 378

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің С.ӘШІМБАЕВ атындағы 216 аудиториясында "ЖАС АЛАШ" газетінің бас редакторы Руслан Ербота мен аталмыш басылымның журналисі, жазушы Өміржан Әбдіхалықұлының шеберлік сабағы өтті. Онда дәстүрлі медианың тарихы мен болашағы жөнінде салмақты ойлар айтылды. Шара соңында студенттердің көкейіндегі басылым туралы көп сұрақтарға жауап берді.