Желтоқсан басы ҚазҰУ Журналистика факультетіне жақсы иірімін ала келді.

06.12.2018

Көрулер: 1711

Желтоқсан басы ҚазҰУ Журналистика факультетіне жақсы иірімін ала келді. Журналист болам деген 400-ден астам шәкірттер «QAZAQSTAN» телеарнасы ардагерлері мен мамандарының «Алыптар апталығы» шеберлік күндеріне куә болуда.
Апта бойы «Qazaqstan» арнасында әр жылдары қызмет еткен Нұртөлеу Имангалиұлы, Әшірбек Көпішев, Марат Тоқашбаев, Төлеубай Қаймолдинов, Фатима Бегембаева, Баян Сұлтанова, Ауртур Алипов, Мэльс Байсамбаев, Гүлмария Барманбекова, Мария Айымбетова, Ерлан Атамбай, Қайрат Мусакулов, Мейіржан Жиенәлі, Маржан Болатханқызы, Гүлназ Әлімгерей, Қымбат Досжан, Берік Есенбай, Алмат Әбідраман сынды танымал тележурналистердің шеберлік сыныптары медиа жаңғырудағы қолтаңба.