Жаңалықтар мен хабарландырулар

Қиыр Шығыс кафедрасында шетелдік студенттердің ұлттық мәдениетімен танысуға арналған іс-шара өткізілді

17.10.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уиниверситетінің Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасында 2023 жылдың 14 қазанында «Қазақ халқының ұлттық мәдени мұрасымен және шетелдік студенттердің дәстүрлі мәдениетімен танысу» тақырыбында онлайн кездесу болып өтті. Бұл іс-шараға   Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары мен студенттері және шет елден келіп білім алып жатқан бірінші курс студенттері қатысты.  

Ары қарай оқу >>

Қиыр Шығыс кафедрасында корей халқының ұлттық мейрамы «Чусокты» атап өтті

29.09.2023

2023 жылдың 29 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасында профессор Ли Бенг Джоның және кафедра эдвайзерлері Шатекова Г., Сермухаметова Б., Сайлаукенова Ә., Бегалиева М. ұйымдастыруымен корей халқының ұлттық мейрамын «Чусокты» «Тұрақты даму мақсаттарының» «Тұрақты даму жолындағы серіктестіктер» айдары аясында атап өтілді.

Ары қарай оқу >>

Дәстүрге айналған танысу кеші

25.09.2023

Қиыр Шығыс кафедрасының жапонтану бөлімінде біраз жылдан бері қалыптасқан бір жақсы дәстүр бар – оқу жылының басында жоғарғы курс студенттері оқуға жаңадан түскен студенттерге арнап танысу кешін өткізеді. Студенттер арасында өзара достық қарым-қатынас пен сыйластық орнауына сеп болатын өте жақсы дәстүр.

Ары қарай оқу >>

Күн шуағында студенттермен тарихи саяхат

08.09.2023

2023 жылдың 31 шілдесінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қиыр Шығыс кафедрасының профессоры Ли Бёнг Джо Үштөбе қаласындағы Қиыр Шығыс (корейтану) кафедрасының студенттерімен тарихи экскурсия өткізді.

Ары қарай оқу >>

Кореядан келген делегациямен бірлестік

08.09.2023

2023 жылдың 30 шілдесі мен 3 тамыз және 13-19 тамызы аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қиыр Шығыс кафедрасының профессоры Ли Бён Джо Корея университеттерінің студенттерімен тарихи экскурсиялық бағдарламаға арнайы шақыртумен қатысты. 

Ары қарай оқу >>

«Кәріс тілінің іскерлік курсы» ашылғалы жатыр

08.09.2023

2023 жылдың 28 шілдесінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінде «Faraby study» орталығы мен «Адам ресурстарын оқытудың жаһандық орталығы» (Корея Республикасы) арасында «Корей тілін оқытудың іскерлік курсы» бойынша өзара түсіністік туралы, профессор Ли Бёнг Джо мен Абаған Ақеркенің (іскерлік курс орындаушысы: Қиыр Шығыс (корейтану) кафедрасы) жетекшелігімен меморандумға қол қойылды.

Ары қарай оқу >>

Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары Назарбаев университетінде 2023 жылдың 16-17 маусымда 11-ші Орта Азиялық корейтану бойынша ғылыми конференциясына қатысты.

23.06.2023

Қиыр Шығыс кафедрасының профессорлары мен аға оқытушыларынан құралған үлкен делегация Назарбаев университетінде 2023 жылдың 16-17 маусымында өткен «Өзгермелі Орта Азия және корейтанудың жаңа парадигмасы» атты 11-ші Орта Азиялық корейтану бойынша ғылыми конференциясына қатысты. 

Ары қарай оқу >>