Кафедраның тарихы

 

 

 

kafedra2020



 

1992ж. Шығыстану факультетінде Қиыр Шығыс елдері кафедрасында жапон тілі және әдебиеті бөлімі ашылып, Қазақстандағы жапонтанушы мамандарын дайындайтын жетекші орталықтарының біріне айналды. Жапон тілі, әдебиеті бөлімінің негізін қалаушы ұстаздар: Камалдинов А.А., және алғашқы «қазақ-жапон сөздігінің» авторы Огава Х.

Осы бөлімді 1996ж. тамамдаған алғашқы түлектер, қазіргі кезде факультетіміздің оқытушылары. Жапонтану кафедрасы факультетіміздің ең жас кафедраларының бірі. 2003ж. жазында қытай және жапон бөлімдерінен тұратын Қиыр Шығыс елдері кафедрасының қайта құрылуының нәтижесінде жапон филологиясы кафедрасы болып, бөлініп шығып, 2005ж. жапонтану кафедрасы болып қайта құрылды.

Кафедраның халықаралық байланыстары үш бағытта жүргізіледі: ғылыми, білім және мәдени салалары бойынша. Екі жақты қарым-қатынастың орнауына Жапонияның Қазақстандағы елшілігі, Халықаралық Жапон қоры және Қазақстан-Жапония адам ресурстарын дамыту орталығы жан-жақты атсалысуда. Кафедра жапон елшілігімен 1993 жылдан бастап тығыз қарым-қатынас орнатқан Студенттерге арналған жапон тілінен шешендік өнер сайысы, тіл білімі деңгейін анықтау емтиханы Жапония елшілігінің қолдауымен өткізіледі. Сонымен қатар Жапонияның білім және ғылым министрлігі факультетке аудио-видео, лингафон кабинеттерін жабдықтап берді.

1995 ж. бастап халықаралық жапон қорымен байланыс орнатылды. Осы қор жыл сайын жапон тілінен дәріс беретін тәжірибелі мамандар жіберіп, сонымен қатар оқу процесіне қажетті кітаптар, оқулықтармен қамтамасыз етіп тұрады. Сол қордан жіберілген жапондық ұстаздар жергілікті жас оқытушыларға жол көрсетіп, жапон тілін оқыту ісін дамытуға үлестерін қосуда.

Жапон қорының кафедрада дәріс берген мұғалімдері Саккайда Т. (1995-1998 жж.), Мураучи (1998-2000 жж.), Ооба (2000-2003 жж.), Итабаши (2003-2004 жж.), Оошима (2004-2006 жж.), Кукимото Мэгуми (2006-2007жж.), Судзуки (2008-2009 жж.).

1998-2006 ж. аралығында жапонтану кафедрасында Жапонияның Евразия орталығының оқытушылары сабақ берді. Олар: Игуса Ч., Окамото Х., Нагаи К., Нагаи Т., Тада Х., Хигучи К., Ясуда К.

Жыл сайын кафедра оқытушылары Жапонияның Халықаралық Қорының грантымен Урава, Осака қалаларындағы орталықтарындағы жапон тілі оқытушыларының кәсіби деңгейін көтеру, ізденушілерге арналған курстарына барып келеді. Кафедра оқытушыларының 75% -ті тіл жөніндегі стажировкдан Жапонияның ірі-ірі университеттерінде өтті.

Жыл сайын Қазақстандағы Жапон елшілігінің тікелей бақылауымен өткізілетін сынақтан озып шыққан студенттер Жапонияның Білім және Ғылым Министрлігінің арнайы грантына ие болып; бір жылдық тіл меңгеру стажировкасынабаруға мүмкіндік алады.

Жапон қорының қолдауымен 2001ж. жапонтану кафедрасында Ресейдің М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің профессоры Нечаева Л. жапон тілінен, 2003ж. жапон тарихынан Молодякова Э.В. дәріс оқыды.

1999ж. бастап жыл сайын Республикалық көлемде, Орталықазия, ТМД мемлекеттерінің арасында жапон тілінен шешендік өнер сайысы өткізіледі.

Жапонияның Цукуба университеті мен ҚазҰУ келісімшартқа қол қойылды. (2007ж. қазан). Осы келісім шарт бойынша студенттер Цукуба университетінде білім алуға мүмкіндіктері бар.

Осы келісімнің аясында Цукуба университетінің ғалымдары факультетке келіп, оқытушылар мен студенттердің алдында Жапония тарихының келелі мәселелер жөнінде лекциялар оқыды. Тек 2008-2009-шы оқу жылында төрт лекция оқыды.

Корейтану және кроссмәдениеттік зерттеулер қауымдастығы атынан әрекет еткен Хельсинки университетінің профессоры Ко Сонг Му мен INALCO (Париж) университетінің магистрі Ким Пхиль Ен әл-Фараби атындағы ҚазМУ-мен бірлесе отырып 1994 жылы алғаш рет корей филологиясы кафедрасы ашылған болатын. Кафедраның бірінші меңгеруішісі болған Ким Пхиль Еннің жетекшілігімен корей тілінен Оңтүстік Кореядан келген еріктілер сабақ берді. Корея Үкіметі, корейтану жөніндегі қорлар, Корея Республикасы елшілігі және оңтүстіккореялық кәсіпкерлер тарапынан жасалған көмек бастапқы кезеңде аса маңызды рөл атқарды. Корей тілі филологиясының кафедрасы жыл сайын сәуір айында “корейтану апталығын” өткізіп, оған басқа оқу орындарының студенттері де қатысып тұрады. Алғашқы жылдан бастап-ақ студенттердің Кореямен танысу сапарлары болды.

Корея жағымен керекті ұйымдастыру техникасымен және кітап қорымен жабдықталған корей филологиясы кафедрасында 1999 жылға дейін Оңтүстік Кореядан келген оқытушылар ғана жұмыс істеді. 1999 жылдың кафедра тарихында алатын орны үлкен. Өйткені сол жылы корей бөлімінің алғашқы түлектер бітіріп шықты. Диплом алғандардың төртеуі тарих ғылымдарының докторы Герман Николаевич Ким басқаратын кафедраға оқытушылық қызметіне қалды. Солы жылы қазан айының 26 жұлдызында әл-Фараби атындағы ҚазМУ оқу кеңесінің осы заманға лайықты «корейтану кафедрасы» деген атау берілді. 2008 жылдың қыркүйегінен бастап тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Наталья Борисовна Ем кафедра меңгерушісі болып тағайындалды.

Корейтану кафедрасының 1999-2008 жылдардағы меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Герман Николаевич Ким әл-Фараби атындағы ҚазМУ-нің дипломымен, Қазақстан кәрістері қауымдастығының, ГДР Ерікті неміс жастары одағының күміс белгісімен, Қазақстан комсомол жастар одағы орталық комиетінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамоталарымен марапатталған. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2007 жылғы 7 желтоқсадағы Жарлығымен тарих ғылымдарының докторы Герман Николаевич Кимге «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілген.

Кафедраның аға оқытушысы Цой Ми Ок 2008 жылдың 9 қазанында Корей Республикасының үкіметтік наградасына ие болды. Цой Ми Ок Корей Республикасының премьер-министрі Хан Сын Сунның өз қолынан «Корей тілі мен мәдениетін дамытқаны үшін» дипломы мен медалін алды.

Кафедра құрылғаннан бері онда төмендегі оңтүстіккореялық оқытушылар жұмыс істеді: Чжан Вон Чан, Бэк Тхэ Хен, Юн Ён Хо, Сон Ен Хун, Ким Сан Ук, Пак Ю Син, Ким Гыт Сук, Шин Ми Хян, Пэк Тэ Хён, Ким Ен Сук, Квон Ен Хун, Ким Санг Чхоль, Ким Ён Со, Хван Енг Сам, Хен Дже Хо, Кван Гын Ток, Ли Хе Джон, Ким Ик Хван, Ким Ми Джун, Чан Бенг Сунн ( 2007жылдан бері), Ха Рен Хе ( 2007жылдан бері), Джонг Ми Сук ( 2009жылдан бері).

2011 жылы әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-дың барлық кафедралары құрылымын жаңарту нәтижесінде корейтану кафедрасы мен жапонтану кафедрасы бірігіп, корейтану және жапонтану кафедрасы деп аталды.

2011-2014 жылдар аралығындакорейтану және жапонтану кафедрасын тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Балакаева Ляйла Тултаевна меңгерді. Оның ғылыми зерттеу аясына Азия және Африка елдеріндегі қазіргі кезеңдегі тарихи үдерістері кірді.

Қазіргі уақытта Қиыр Шығыскафедрасын Ем Наталья Борисовна меңгереді.

Кафедраның оқытушылары білім деңгейлерін жетілдіріру үшін үнемі жұмыс істеуде. Жапониямен орнатылған тығыз халықаралық қатынастардың нәтижесінде Жапонияға барып, білімдерін жетілдіруге мүмкүндіктері бар. Жапон елшілігінің көмегімен мұғалімдерге арналған тілді дамыту курстары, жапон тілін оқыту мәселелері бойынша семинарлар өткізіліп отырады. Курстар аяқталғаннан кейін оқытушыларға сертификаттар беріледі.

Корейтану және жапонтану кафедрасының түлектері қазіргі кезде әртүрлі салада қызмет етуде. Мемлекетіміздің сыртқы істер министрлігінде, елшілікте, Кореяның, Жапонияның, Қазақстанның ірі компанияларында, жоғарғы оқу орындарында қызмет атқаруда.

Кафедраның түлектерінің осындай қызмет атқаруы, кафедраның білім беру жүйесінің жоғарғы дәрежесін көрсетеді. 

Кафедра оқытушылары жан-жақты ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуда. Халықаралық, республикалық, университеттік ғылыми конференцияларға қатысып, бірқатар оқытушылар диссертациялық жұмыстарын жазуда.

Кафедра құрамында 34 адам: жапон және корей тілдерінің оқытушылары 30, Жапония және Корей тарихы мен әдебиеті оқытушылары 9, 2 жоғарғы білімді мамандар. Оқытушылар арасында тарих ғылымдарының докторы -1, саяси ғылымдарының докторы – 1, филология ғылымдарының докторы – 1, 3 профессор, 3 профессор м.а., 2 доцент, 3 доцент м.а., 6 ғылым кандидаты (оның 3-і доцент); 9 Ph(D), 31 аға оқытушылар; 5 оқытушы.

 

2020-2021 оқу жылында кафедраның профессор-оқытушылар құрамына штат кестесіне сәйкес – 30.

 

                Кафедра құрылымы:
• Ханкук шет тілдер университетінің (Корея Республикасы) профессоры, PhD - Ли Бендж Джо;
-
Ханлим университетінің (Корея Республикасы) профессоры, PhD – Чун Док Чун;
∙ Цукуба университетінің профессоры, PhD Ниномия Такаши (Жапония)
                
    
 Кафедраның штаттық тізіміне келесі оқытушылар кіреді: басқа елдердің азаматтары:

 

  • ·         Джанг Вонки (Корея Республикасы)
  • ·         Мионг Сунок (Корея Республикасы)
  • ·         Тен Ю.П. (Өзбекстан Республикасы)
  • ·         Чан Бенг Сун (Корея Республикасы)
  • ·         Чой Джи Енг (Корея Республикасы)

 


     
 Мерзімдік демалыста:

 

  • ·         оқытушы Даирова А.С.
  • ·         аға оқытушы Нурсеитова Л.Д.
  • ·         аға оқытушы Рыспекова Н.С.
  • ·         аға оқытушы Токкарина А.М.
  • ·         аға оқытушы Шадаева М.Т.
  • ·         PhD, аға оқытушы Абаган А.Б.



Кафедра құрамына оқытушылар санатында кафедра әріптестері мен жұмыс берушілердің құрамынан оқытушылар алу туралы ректорат мәжілісінің шешіміне               
 
 сәйкес оқытушылар құрамы алынды:


1. Бахутдинова Г. - «New & Rare Resources» ЖШС бас директоры;

2. Оспанов Н.М. - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шығыстану институты, Азия-Тынық мұхиты аймағы бөлімінің ғылыми қызметкері 


Сонымен қатар кафедра келесі профессорларды қабылдады:

1. Сафронова Л.В.
 - филология ғылымдарының докторы, профессор Абай атындағы КазНПУ


Профессор-оқытушылар құрамының ішінде шетел университеттерінің дипломдары бар келесі оқытушылар:
1. Тен Ю.П.
 - лингвистика докторы, Өзбек мемлекеттік Әлем тілдері университеті
2. Чан Бенг Сан - Донгук университетінің (Корея Республикасы) магистрі, «Менеджмент» мамандығы бойынша.
 Саясаттану ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие
3. Мионг Санок - Ионс университетінің магистрі (Корея Республикасы), мемлекеттік басқару факультеті, «Саяси дипломат» біліктілігі.
 Философия және саясаттану факультеті, мәдени антропология мамандығы бойынша PhD докторы бар
4. Ахапов Е.А.
 - Киото университетінің (Жапония) Ғаламдық экологиялық зерттеулер мектебінің Ғаламдық экологиялық зерттеулердегі PhD докторы;

5. Белялова А.Е. - Донггук Университетінің (Корея Республикасы), «Білім беру менеджменті және білім беру саясаты» мамандығы бойынша PhD докторы

6. Токтарова Ж.Б. - Ewha Қыздар Университетінің (Корея Республикасы) «Корейтану» мамандығы бойынша PhD докторы

7. Шатекова Г.К. - Нам Сеул Университетінің (Корея Республикасы) «Менеджмент» мамандығы бойынша PhD докторы

8. Ким Э.В. - Корейтану мамандығы бойынша MIS, Сеул ұлттық университеті (Корея Республикасы)

9. Шадаева М.Т. - Graduate Graduate Institute for Policy Studies (GRIPS), Жапония
10. Бахаудинова Г.Н. - «Болашақ» бағдарламасының түлегі 2014 ж. (маусым-қазан) «Инновациялық білім беру технологиялары мен оқытудың теориясы мен әдістемесі», Брунел университетінің оқу тәжірибесін кеңейту

 

Кафедрада 216 студент, 17 магистрант, 6 PhD докторант бар. Барлығы: 239

Грант – 130

келісім-шарт - 94

магистранттар - 17

грант - 14

Ph(D) докторанттары - 7

Грант - 7

Оның ішінде ағымдағы оқу жылындағы контингент құрамының жалпы санынан келісім-шарт негізінде студенттердің үлесі 42% құрайды.

 

 

kafedra