КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨЗ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

23.05.2023

Көрулер: 357

Алматы қаласы Жетісу ауданына қарасты Құлагер ықшамауданындағы 148 мектеп-гимназия – қала мектептерінің ішіндегі алдыңғы қатарлы мектептердің бірі.

16 мамыр күні аталмыш мектептің бітіруші сынып оқушыларымен кәсіби бағдар жұмысын жүргізген Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушылары М.Т.Шадаева мен С.К.Боранқұлова университет, факультет, кафедра жайлы жалпы шолып, жапонтану бөлімі жайлы оқушыларға кеңінен таныстырды.

Оқушылар арасында жапонның анимесі мен мангасына қызығатындардың көптігі байқалды. Олардың тарапынан Жапонияға оқуға бару жөнінде, сондай-ақ жапонтанушы, жапон тілінің аудармашысы мамандығымен жұмысқа орналасуға қатысты сұрақтар көбірек қойылды.