ҚИЫР ШЫҒЫС КАФЕДРАСЫНДА «СОНБЕ ЖӘНЕ ХУБЕ АРАСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ

25.09.2023

Көрулер: 444

2023 жылдың 22-қыркүйегінде Қиыр Шығыс кафедрасында (Корейтану бөлімі) бірінші курс студенттеріне бағытталған «Сонбе және хубе кездесуі» атты іс-шара өткізілді.

 

Іс-шара арнайы шақыртылған профессор Ли Бёнг Джоның басқаруымен және кафедра эдвайзерлері Шатекова Г., Сермухаметова Б.Б.,Бегалиева М., Сайлаукенова А. қолдауымен өтті. Бірінші курстан басқа, бұл іс-шараға 2-ші және 3-ші курс студенттері, сондай-ақ академиялық алмасу (ұтқырлық) бағдарламасы бойынша Кореяға кеткен студенттер де қатысты. 2-ші және 3-ші курс студенттері университеттегі студенттік өмір туралы, ал Кореяда біліп алып жатқан кафедра студенттері 1-ші және 2-ші курс студенттеріне шетелде қалай оқып жатқандары туралы бейне хабарламалар арқылы егжей-тегжейлі айтып берді. Осы іс-шараның арқасында студенттер бір-бірімен жақындаса алды, сонымен қатар олар кафедрадағы өмірге қажетті көптеген пайдалы ақпаратпен бөлісті.