Кореядан келген делегациямен бірлестік

08.09.2023

Көрулер: 318

2023 жылдың 30 шілдесі мен 3 тамыз және 13-19 тамызы аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қиыр Шығыс кафедрасының профессоры Ли Бён Джо Корея университеттерінің студенттерімен тарихи экскурсиялық бағдарламаға арнайы шақыртумен қатысты. Кореядан 90 адамнан тұратын екі делегация келді. Экскурсияға 10-ға жуық корей университетінің студенттері қатысты, студенттер Қазақстандағы (Алматы, Үштөбе, Қызылорда, Шымкент) корей адамдарымен (Корёин) және 20-шы ғасырдың басында Ресейдің Қиыр Шығысында Кореяның тәуелсіздігі үшін күрескен антижапондық патриоттармен байланысты тарихи орындарға экскурсия жасады. Қазіргі уақытта Қазақстанда патриоттардың іздері аз емес, мысалы, үйлер, бейіттер, ескерткіштер және т.б. Арнайы шақыртылған профессор Ли Бён Джо ТМД-дағы корейлер бойынша маман зерттеуші ретінде бағдарлама қатысушыларына барлық тарихи деректер бойынша пайдалы ақпарат берді.