Күн шуағында студенттермен тарихи саяхат

08.09.2023

Көрулер: 316

2023 жылдың 31 шілдесінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қиыр Шығыс кафедрасының профессоры Ли Бёнг Джо Үштөбе қаласындағы Қиыр Шығыс (корейтану) кафедрасының студенттерімен тарихи экскурсия өткізді. Үштөбе – Қазақстандағы корейлер үшін бастапқы нүкте және ТМД аумағында тұратын 550 000 корей үшін «Мекке» болып табылады. Үштөбеде 1999 жылы Корея үкіметінің қолдауымен 1937 жылғы депортацияны және корейлердің алғашқы қоныстанғанын еске алуға арналған корей-қазақ достығы саябағы, жақында (2022 жылдың тамызында) саябақта корей антижапон патриоттарына арналған мемориал салынды. Сонымен қатар, Үштөбе қаласының орталық саябағында Сталин заманындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған мемориалдық монумент (1999 ж.) және корейлер қоныс аудару кезеңінің басында тұрған жертөле (жер үй) мен қамысты үйді бейнелейтін Корёин (корей) мұражайы орнатылды. Мұнда 1942-1959 жылдар аралығында жұмыс істеген корей театрының ескі ғимараты, сондай-ақ 1938 жылы салынған алғашқы корей мектебі сақталған. Экскурсияға қатысушылар-студенттер тарихи экскурсияның арқасында Қазақстандағы корей диаспорасы туралы көбірек білім алды. Үштөбеге тарихи сапар студенттердің корейтану пәніне деген қызығушылығын арттыруға жақсы мүмкіндік болады деп сенеміз.