ІС-ШАРАЛАР

          Жапонияның ұлттық тағамдары- дүниежүзі бойынша материалды емес мәдени құндылықтар қатарына кіреді. Жапон сушиі осы күнде әлемдік трендке айналғаны сөсіз.Жапонияда тамақтануға ерекше көңіл бөледі.Ас- дәрумендерге бай, денсаулыққа пайдалы болу керек, эстетикалық тұрғыдан әдемілікке ерекше назар аударады.

         Шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасы жапонтану бөлімінің студенттерін жапондардың тамақтану дәстүрімен жақынырақ таныстыру, жапон тағамдарының дайындалу құпияларымен бөлісу мақсатында, жапон университеттерінің студенттермен бірігіп жапон тағамдарының мастер-классы өткізілді.

         Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім алып жатқан Жапония университеттерінің студенттері Жапонияның ұлттық тағамдарымен таныстырып, сонымен қатар жапонтану бөлімінің студенттерімен бірігіп онигири дайындады. Жапондық студенттер ониги дайындаудың қыр-сырымен бөлісіп, кеш өте қызықты өтті.