«Үздік ғылыми қызметкер 2022»

28.12.2022

Көрулер: 792

 

                2022 жылдың 27 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры Әбішев Медеу Ержанұлы «Үздік ғылыми қызметкер» атағын алды. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің тарапынан ғалымдарды қолдаудың кезекті шарасы болып табылатын бұл жыл сайынғы сыйлық әлемдік ғылымның дамуына және отандық ғылымды дамыту стратегиясын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін берілді.

 

               Профессор Әбішев М.Е. - жалпы салыстырмалылық теориясы саласында қарқынды ғылыми жұмыс жүргізеді, 2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған, 2011 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ теориялық және ядролық физика кафедрасының меңгерушісі.

 

                Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың көрнекті ғалымдарының ғылыми нәтижелерін мойындау және оларды марапаттау университеттің Қазақстандағы ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы жетекші позициясының тағы бір дәлелі болып табылады.