Аса жоғары сезімтал наносенсорлер

24.11.2022

Көрулер: 684

 

 

          Диссертациялық жұмыс электрохимиялық жеміру әдісімен алынған наноқұрылымды кеуекті кремнийге негізделген улы газдар мен сұйықтық буларына сезімталдығы жоғары газ сенсорларының электрлік және оптикалық сипаттамаларын және жарық фотондарының әсерінен олардың электрлік сипаттамаларының өзгерісін зерттеуге арналған. Қорғауға физика-техникалық факультеті, қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасының оқытушылары, доктор, профессорлар қатысты. Ізденушіге жұмыс бойынша бірнеше ұсыныстар, пікірлер мен ескертулер айтылды. Соңында Ханиев Бақыт Абайұлын қорғауға жіберуге барлық қатысушылар дауыс берді.