Халықаралық ERASMUS+ бағдарламасы аясында ENTER «Инженерлік бағыттағы оқытушыларды даярлау» жоба нәтижелері

18.11.2022

Көрулер: 632

 

 

    ENTER жобасының негізгі мақсаты - халықаралық желілік ынтымақтастық негізінде инженерлік пәндер оқытушыларының педагогикалық даярлауының көп деңгейлі модульдік жүйесін құру болып табылады. Сондай-ақ, бұл жоба Португалия, Словакия, Эстония, Қазақстан және Ресей бес еліндегі университеттер мен бірлестіктерді қамтитын 13 ұйымнан тұратын консорциум болып табылады.

    Осы аталаған жоба бойынша ұйымдастырылған біліктілікті көтеруге аарналған IPET-2 бағдарламасын сәтті аяқтаған оқытушыларға факультет деканы проф. Бейсен Н.А. халықаралық дәрежедегі сертификаттарды табыстады. ENTER жобасына белсенді қатысқан барша оқытушы-педагогтарды құттықтаймыз және шығармашылық табыстар тілейміз!