Жаналықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жылуфизика және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Манатбаев Р.К. «Асылтас» қорының -2021 байқауының «Ғылым» номинациясы бойынша жеңімпазы болып жарияланды.

11.02.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жылуфизика және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Манатбаев Р.К. «Асылтас» қорының -2021 байқауының «Ғылым» номинациясы бойынша жеңімпазы болып жариялан ды. Манатбаев Р.К. желдің энергетикасы саласында 3 патенті мен 120-дан астам ғылыми жарияланымдары бар. «Асылтас» қорының басты миссиясы мен мақсаты дарынды азаматтардың әлеуетін арттыру, азаматтарды инновациялармен таныстыру, қазақ тілінің кең массаға және іскери ортаға таралуына ықпал ету, қайырымдылық жасау, ұлттық құндылықтарды насихаттау.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан бойынша Huawei компаниясының үш сарапшылар арасынан ең жас сарапшысы

17.04.2020

ҚДФжБФ кафедрасының түлегі Жанқожа Азат қазіргі таңда Қазақстан бойынша Huawei компаниясының үш сарапшылар арасынан ең жас сарапшысы. 

Азат Жанкожа:

 «Ақпаратты басқарған – әлемді басқарады» - деген екен британиялық саясаткер әрі жазушы Уинстон Черчилль. Расында, қазіргі кезеңде кез-келген саланы IT мамандарынсыз елестету мүмкін емес. Заманауи тенденцияларға сәйкес, бүгін жаңалық дегеніміз, ертеңгі күні ескірген технологияға айналуы ғажап емес. IT саласының маманы болуым Қара шаңырағымыз «ҚазҰУдан» басталып еді. Сол сәттен бастап осы бір керемет саланың «эксперті» болсам деген мақсатымның орындалуы бүгінгі күнге бұйырған екен. Университет қабырғасында тек оқытушы ғана болып қоймай, бағыт-бағдар беріп жол көрсете білген ҚазҰУ оқытушыларына алғыстан басқа айтарым жоқ. Елімізде IT саласы дами берсін, Қазақстан IT саласы бойынша көшбасшы мемлекеттердің қатарынан болсын!

Ары қарай оқу >>

АКАДЕМИЯЛЫҚ МОБИЛЬДІК БОЙЫНША ОҚЫТУ

17.04.2020

«Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығының 3-курс студенттері Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқиды.
Қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасы

Ары қарай оқу >>

“Техника және технологияның дамуына қосқан үлесі үшін” Н. Тесла атындағы Алтын медалімен марапатталады

28.02.2020

Аймақтық Менеджмент Академиясы Төралқасының 2020 жыл 28 ақпандағы шешімімен Данияр Валерьевич Исмаилов

“Техника және технологияның дамуына қосқан үлесі үшін” Н. Тесла атындағы Алтын медалімен марапатталады

Ары қарай оқу >>

«Ғылымда бастаңыз» атты VІІІ Халықаралық ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстары конкурсына қатысқаны үшін жас зерттеушілерді басқарғаны және дайындағаны үшін оларға 1-дәрежелі дипломдар, сондай-ақ Исаак Ньютон медалі тапсырылды.

28.02.2020

Қожағұлов Е.Т. және Исмаилов Д.В. 1-дәрежелі дипломдармен, сонымен қатар Мәскеу мемлекеттік университетінде, Ресей жаратылыстану академиясында өткен VIII Халықаралық ғылыми-зерттеу оқушылардың ғылыми-зерттеу конкурсына жетекшілік жасағаны және жас зерттеушілерді дайындағаны үшін Сократ пен Исаак Ньютон медалімен марапатталды.

Ары қарай оқу >>