Жаналықтар

Мәскеу энергетикалық институтында "Энергетика және өнеркәсіптегі цифрлық технологиялар XXI" Халықаралық мектебі өтті

11.04.2021

Мектепті сыртқы байланыстар басқармасының қолдауымен ZOOM платформасында қауіпсіздік және ақпараттық технологиялар кафедрасы ұйымдастырды. Кафедраның жетекші профессорлары, доценттері мен оқытушылары Крепков Игорь Михайлович, Минзов Анатолий Степанович, Меренков Дмитрий Валерьевич, Еремеев Алексей Александрович, Рыжиков Сергей Сергеевич, Петров Сергей Андреевич, Кулик Ирина Александровна күнделікті дәрістер, мастер-кластар, практикалық сабақтар түрінде сабақтар өткізді.
Мектептің тыңдаушылары Қазақ ұлттық университетінің әртүрлі инженерлік мамандықтарының студенттері болды.  Сабақ барысында онлайн мектептің студент-қатысушылары цифрландырудың кезеңдерімен және заманауи трендтерімен , "заманауи энергетика мен өнеркәсіп үшін ақпараттық жүйелер мен технологияларды әзірлеу" және "қауіпсіздікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету"тақырыптарына танысты.

Ары қарай оқу >>

ЭЛЕКТР ҚҰБЫЛЫСТАРЫН ЗЕРТТЕЙТІН КЕШЕН

02.04.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары, оқытушылары мен инженерлері орта-арнайы білім беру мекемелеріндегі физика курстарында электр құбылыстарын және магнетизмді зерттеуге арналған инновациялық аппараттық-бағдарламалық кешеннің шағын сериялы өндірісін әзірлеп, қолданысқа енгізді. ҚазҰУ жанындағы Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты даярлаған аталмыш кешен Қазақстанда бұрын-соңды шығарылмаған инновациялық жаңалық болып табылады.

Ары қарай оқу >>

БОЛАШАҚ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ САММИТІ ӨТТІ

27.03.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасы жаһандық хабында «Тұрақты дамудың мақсаттарын онжылдық жұмыс шеңберінде жүзеге асырудағы жастардың рөлі» атты болашақ көшбасшыларының ІІІ Саммиті өтті.

Ары қарай оқу >>

«Наурыз-берекем, Наурыз- мерекем!»

18.03.2021

18 наурыз күні физика техникалық факультетінде онлайн форматта 22 наурыз - Наурыз мейрамына арналған «Наурыз-берекем, Наурыз- мерекем!» іс шара өткізілді. Іс шара зум платформасында өтті. Іс шара барысында студенттер өз өнерлерін көрсетті және факультетіміздің кафедра жетекшілері құттықтау лебіздерін білдірді.

Ары қарай оқу >>