ЭБЖМ Түлектер күні – 2023

27.05.2023

Көрулер: 617

2023 жылғы 27 мамыр сағат 12.30-да Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Экономика және бизнес жоғары мектебі жыл сайынғы дәстүрлі Экономика және бизнес жоғары мектебі түлектерінің күнін атап өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ– ел мақтан тұтатын, қазақтың көптеген көрнекті ғалымдары, мемлекет қайраткерлері, белгілі кәсіпкерлер, ректорлар, спортшылар үшін Alma-mater болып табылады.

« ЭБЖМ Түлектер күні – 2023» іс-шарасын Экономика жоғары мектебінің деканы, э.ғ.к., м.а. профессор Бимендиева Л.А. ашты. Бұдан кейін дәстүр бойынша қонақтар мен түлектер халықаралық студенттердің «Gaudeamus» әнұранын орындады.

Одан әрі құттықтау сөз 2013 жылдың түлегі (университет бітіргеніне 10 жыл) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ЭБЖМ түлектері Қауымдастығы Кеңесінің Төрағасы Д.Т. Мұқаевқа берілді. Д.Т. Мұқаев сөз сөйлеп, ЭБЖМ-нің 4 үздік студентіне 400 000 теңге көлемінде атаулы шәкіртақы тағайындады.

Түлектер қауымдастығы кеңесінің отырысы қатысушыларды құттықтаумен жалғасты: экономика факультетінің 1989 жылғы түлегі, экономика ғылымдарының докторы, менеджмент кафедрасының профессоры М.У. Спанов және э.ғ.к. «Қаржы және есеп» кафедрасы М.Б. Байдаулетов құттықтау сөз сөйледі.

Экономика және бизнес Жоғары мектебін 1993 жылғы мерейтойлық түлектер: Асқар Ізбасаров (Қазақстан), Мария Мещерякова (Ресей), Алханди Бассам (Иран) – СЭ-88 тобы (Саяси экономика) құттықтады.

Экономика және бизнес жоғары мектебінің студенттерінің сазды сәлемін «Бизнес технологиялар» кафедрасының атынан «Логистика» мамандығының 4 курс қазақ бөлімінің түлегі Сейдіғали Елдос «Көк тудың желберегені», «Ұстазым» әндерін жолдады.

Әр жылдардағы мерейтойлық түлектер өздері бітірген факультетті құттықтап лебіздерін білдірді: Сыдықова Айдана Дәуренқызы - “Bugin holding” ЖШС-нің тең құрылтайшысы. (2014 ж. түлегі); Ибатжан Ислам Бауыржанұлы – Алматы облысы Қарасай ауданы Райымбек ауылдық округі әкімінің орынбасары (2018 ж., университетті бітіргеніне 5 жыл); Саринова Айым- «Есеп және аудит» мамандығының 2013 жылғы түлегі – «Айсер Аудит» ЖШС директоры; Сабидулина Әдемі, «Қаржы» мамандығының 2018 жылғы түлегі – «Эйр Астана» АҚ, салық есептілігінің аға қаржы инспекторы; Есенжол Дархан, «Қаржы» мамандығының 2018 жылғы түлегі, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Стратегия және талдау департаментінің бас талдаушысы; Әбілов Мұрат Сүндетуллаұлы – 2013 жылғы түлегі – «Cement Plus M» ЖШС директоры; Мұхаметжанов Дидар Нұрболұлы – 2013 жылғы түлегі – Қарасаз ауылдық округінің әкімі; Турсын Абылай – 2013 жылғы түлегі – «TADS» ЖШС бас инженері, Еуропалық қайта құру және даму банкінің аккредиттелген кеңесшісі. Олар студенттік жылдардағы естеліктерімен, тәжірибелерімен бөлісті, сонымен қатар студенттермен ЭБЖМ-де және кафедралар ұйымдастыратын іс-шаралар аясында ғана емес, сонымен қатар бейресми деңгейдегі жұмыс бойынша және жеке кездесулер деңгейінде белсенді түрде өзара араласуға тілек білдірді.

Мерейтойлық жылдар түлектерінің құттықтауларынан кейін Экономика жоғары мектебінің студенттері музыкалық сәлемдерін жолдады. «Қаржы және есеп» кафедрасының атынан «Қаржы» мамандығының 3 курс студенті Хусаинов Әділет «Бұл өмірде» әнін шырқады.

2023 жылғы түлектерді құттықтаумен студенттік декан Асқарова Мәриям Сәбитқызы сөз сөйледі..

«Қаржы және есеп» кафедрасының атынан түлектердің бейнеқұттықтауы (4 бейнеролик) көрсетілді: түлек Шолпанкұлова Гүлнұр (2013 ж. «Есеп және аудит»), түлек Кұмарбаева Аида (2021 ж., «Қаржы»), түлек Асем Рипатова (2021 ж., «Қаржы»), және түлек Сапарбаева Тәтті Әділқызы (2013, «Маркетинг»).

Дәстүр бойынша әр жылғы түлектер үздік студенттерге жеке шәкіртақы тағайындап, материалдық жәрдемақылар берілді. Университет жобаларын қолдау мақсатында қатысушы- түлектер 40 студентке шәкіртақы тағайындады.

«Менеджмент» кафедрасының атынан экономика және бизнес жоғары мектебі студенттерінің сазды сәлемін Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының 1 курс студенті Нағашыбай Ақылбай «Сәби көңілім» және «Найзағай болып» атты әндерімен жолдады.

Кездесу соңында түлектердің базасын кеңейту, байланыстарды дамыту, шеберлік сыныптарын қалыптастыру, қонақ лекцияларды өткізу, студенттерді әртүрлі беделді конкурстарға қатысуға ынталандыру, академиялық ұтқырлықты арттыру, нетворкингті дамыту және т.б. бойынша Экономика жоғары мектебінің деканы, э.ғ.к.,профессор Л.А. Бимендиева қорытынды сөзін сөйледі.

ЭБЖМ түлектері күні кездесуге қатысушыларды әуезділігімен және ән мәтінінің терең сөздерімен еліктірген «Қоштасу вальсі» музыкалық номерінің сүйемелдеуімен және есте қаларлық фотосессиямен аяқталды.

2023 жылғы Түлектер күніне әр жылдардағы мерейтойлық түлектер, бүгінгі таңда мемлекеттік құрылымдардың, ғылыми қауымдастықтың, бизнес-қоғамдастықтың, Қазақстан университеттерінің, алыс-жақын шетелдердің серіктес университеттерінің өкілдері ретінде, сондай-ақ ЭБЖМ оқытушылары мен студенттері белсенді қатысты!

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен түлектерінің «Мәңгілік Ел» Салтанат қақпасының жанында жиналуы

ЭБЖМ Түлектер күні – 2023

1000 түлектен тұратын шеру: Басқарма Төрағасы - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ж. Қ. Түймебаев түрлі жылдардағы белгілі түлектермен (ЭжБЖМ-нен Мұқаев Дәулет Төлеутайұлы-ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ЭжБЖМ-нің түлектері қауымдастығы кеңесінің төрағасы, 2013 ж. түлегі)

Әл-Фараби ескерткішіне гүл қою рәсімі

«ЭБЖМ Түлектер күні – 2023» іс-шарасын Экономика жоғары мектебінің деканы, э.ғ.к., м.а. профессор Бимендиева Л.А. ашты.

Одан әрі құттықтау сөз 2013 жылдың түлегі (университет бітіргеніне 10 жыл) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ЭБЖМ түлектері Қауымдастығы Кеңесінің Төрағасы Д.Т. Мұқаевқа берілді. Д.Т. Мұқаев сөз сөйлеп, ЭБЖМ-нің 4 үздік студентіне 400 000 теңге көлемінде атаулы шәкіртақы тағайындады.

Түлектер қауымдастығы кеңесінің отырысы қатысушыларды құттықтаумен жалғасты: э.ғ.к. «Қаржы және есеп» кафедрасы М.Б. Байдаулетов құттықтау сөз сөйледі.

Экономика және бизнес Жоғары мектебін 1993 жылғы мерейтойлық түлектер: Асқар Ізбасаров (Қазақстан), Мария Мещерякова (Ресей), Алханди Бассам (Иран) – СЭ-88 тобы (Саяси экономика) құттықтады.

"Bugin holding" ЖШС тең құрылтайшысы (2014 ж.түлегі) Сыдықова Айдана Дәуренқызы құттықтау сөз сөйлеп, студенттерге стипендиялар, сүйікті оқытущыларына естелік кәдесыйлар және "Менеджмент"кафедрасына материалдық субсидиялар берді

Экономика және бизнес жоғары мектебінің студенттерінің сазды сәлемін «Бизнес технологиялар» кафедрасының атынан «Логистика» мамандығының 4 курс қазақ бөлімінің түлегі Сейдіғали Елдос «Көк тудың желберегені», «Ұстазым» әндерін жолдады.

"Қаржы және есеп" кафедрасының атынан түлектерден "Қаржы" мамандығының 2018 жылғы түлегі - "Эйр Астана" АҚ, салық есептілігінің аға қаржы инспекторы Сабидулина Адеми құттықтау сөз сөйледі

Бизнес-технологиялар кафедрасының түлектері Экономика және бизнес жоғары мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамымен

«Менеджмент» кафедрасының атынан экономика және бизнес жоғары мектебі студенттерінің сазды сәлемін Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының 1 курс студенті Нағашыбай Ақылбай «Найзағай болып» атты әндерімен жолдады. Мерейтой иесінің құттықтаулары: